ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Сыртқы істер министрі Фидан әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Жоғары лауазымды дипломаттар аймақтағы соңғы оқиғаларды және қақтығысты тоқтатуға бағытталған ықтимал қадамдарды талқылады.
Сыртқы істер министрі Фидан әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Сыртқы істер министрі Фидан әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті / AA Archive

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан сенбі күні АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылдарынан кейін Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Катар, Сирия, Мысыр және Индонезиядағы әріптестерімен жеке-жеке телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздердің хабарлауынша, Фидан Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи, Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейн, Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Абделатти және Индонезия Сыртқы істер министрі Сугиономен келіссөз жүргізді.

Бұл келіссөздер барысында жоғары лауазымды дипломаттар аймақтағы соңғы ахуалды талқылап, шабуылдарды тоқтату үшін басылатын ықтимал қадамдарды қарастырды.

Израиль мен АҚШ сенбі күні таңертең Иранға қарсы шабуыл бастағандарын жариялап, бұл әрекеттерін «Иран режимі төндіретін ықтимал қауіптерге» негіздеген болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Беньямин Нетаньяху бөлек-бөлек бейнеүндеу жариялады.

Бұл соққылар Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Вашингтон мен Тегеран арасында Оманның делдалдығымен жүргізіліп жатқан келіссөз кезінде болды. Женевада өткен келіссөздің жаңа кезеңі бейсенбі күні аяқталған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль өткен жылдың маусым айында Иранға қарсы 12 күнге созылған соғыс бастап, кейіннен АҚШ та процесске қосылып, Ирандағы үш ядролық нысанды бомбалаған болатын.

Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды