ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
Түркия Қорғаныс министрлігінің баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Зеки Актүрік Анталияда өтіп жатқан «Denizkurdu-II» оқ-жаттығу аясында «TCG Anadolu» кемесінде ұйымдастырылған апталық брифингте сөз сөйледі.
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
Ұлттық Қорғаныс министрлігі тарапынан баспасөз брифингі өткізілді

Актүріктің айтуынша, оқу-жаттығу Әскери-теңіз күштерінің операцияларды басқару қабілетін бағалау, бөлімдердің шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру және әскерлердің үйлесімділігін сынау мақсатында Қаратеңізде, Мәрмәр теңізінде, Эгей теңізінде және Шығыс Жерорта теңізінде өткізілуде.

Кеңесші мәлімдемесінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мәселесіне де тоқталып, «Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған «Түрік ұшақтары Грекияның Қорғаныс министрі мен Еуропа елдерінің министрлері мінген ұшақтарға қысым көрсетті» деген арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Грекия мен Оңтүстік Кипр әкімшілігі Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін елемей, өңірдегі нәзік тепе-теңдікті бұзатын және кейде оның әуе кеңістігін бұзатын әрекеттерге барып отыр», - деді.

Оның мәліметінше, 7 маусымда Грекия-Оңтүстік Кипр бағыты бойынша ұшқан алты әуе кемесінің төртеуі Солтүстік Кипр Түрік Республикасының әуе кеңістігін бұзған. Осы жағдайға байланысты Солтүстік Кипрде кезекшілікте болған екі «F-16» жойғыш ұшағы сақтық шарасы ретінде дереу әуеге көтерілген.

Актүрік түрік ұшақтарының тек Солтүстік Кипр әуе кеңістігінде әрекет еткенін, Оңтүстік Кипрдің әуе кеңістігін бұзбағанын және аталған ұшақтарға ешқандай қысым көрсетпегенін атап өтті.

Сондай-ақ ол өңірдегі шиеленісті күшейтуге бағытталған және өздерін «жәбірленуші» ретінде көрсетуге тырысатын арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер қабылданбайтын айтты.

Іздеу
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды