ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты
Израиль армиясының 2023 жылғы қазан айынан бері Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 72 945- ке жетті.
Газада қаза тапқандар саны 72  мыңнан асты
Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты

Израиль армиясы бітімге қарамастан Газа секторына шабуылдарын жалғастырып келеді.

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Израильдің 2023 жылғы қазан айынан бері жалғасып келе жатқан шабуылдарынан болған адам шығынына қатысты соңғы деректер жарияланды.

Соңғы 24 сағат ішінде Газадағы ауруханаларға 3 мәйіт пен 35 жаралы жеткізілгені хабарланды.

Мәлімдемеде 2025 жылғы 10 қазанда күшіне енген атысты тоқтату режимінен бері Израильдің шабуылдарынан 936 адамның қаза тапқаны, 2 903 адамның жараланғаны және үйінділер астынан 781 адамның мәйіті шығарылғаны айтылды.

Израильдің 2023 жылғы қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарынан 72 945 адам қаза тауып, 173 011 адамның жараланғаны хабарланды.

Сондай-ақ Газа секторында қираған ғимараттардың үйінділері астында әлі де мыңдаған мәйіті жатқаны атап өтілді.