ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесті
Режеп Тайып Ердоған Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесіп, аймақтағы және әлемдегі өзекті мәселелермен қатар Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстарды талқылады.
Президент Ердоған Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Урсула фон дер Ляйенмен телефон әңгімесінде стратегиялық байланысқа ерекше назар аударды / AFP

Режеп Тайып Ердоған Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесіп, аймақтағы шиеленістің күшеюі Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастардың стратегиялық маңызын тағы бір мәрте айқын көрсеткенін атап өтті.

«Nsosyal» платформасында Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жариялаған мәліметке сәйкес, сейсенбі күні өткен телефон әңгімесінде Түркия–Еуропалық Одақ байланыстары, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелер талқыланған.

Телефон әңгімесі барысында Режеп Тайып Ердоған Түркияның аймақта жалғасып жатқан қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілік орнату үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Сонымен қатар Ормуз бұғазының мүмкіндігінше тезірек қайта ашылуы қажет екенін атап өтті.

Ердоған аймақтағы қақтығыстардың жалғасуына Израиль себеп болғанын, сондай-ақ «теңіз қарақшылығы» деп бағаланған әрекеттермен қатар халықаралық құқықты бұзуды жалғастырып отырғанын жеткізді. Осыған байланысты ол Израильге халықаралық қысымды күшейту қажет екенін айтты.

Президент Ердоған сондай-ақ Түркияның Еуропаның қауіпсіздік стратегиясына қатысты бастамаларына қатысуының пайдалы болатынын, Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеден одағын жаңарту қажеттігін және экономикалық ықпалдастықты тереңдету мен ортақ мүдделерді ілгерілету үшін ынтымақтастықты барлық салада кеңейту керектігін атап өтті.

Іздеу
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі