Венесуэлада 400-ден астам сотталушы босатылды
Бір құқық қорғау ұйымы босатылғандар санының әлдеқайда аз екенін, яғни 60 -70 адам шамасында екенін айтты.
Венесуэланың Ұлттық Ассамблея төрағасы Хорхе Родригес өткен аптада жарияланған үдеріс аясында 400-ден астам адамның түрмеден босатылғанын мәлімдеді.
Құқық қорғау ұйымдары бар болғаны 60-70 адамның босатылғанына, үдерістің баяу жүруіне және ақпараттың жеткіліксіздігіне шағымдануда.
Дүйсенбі күні Венесуэланың пенитенциарлық мекемелерге жауапты органы 116 адамның қамаудан босатылғанын хабарлады.
Қамаудағыларға құқықтық көмек көрсететін жергілікті үкіметтік емес ұйым «Foro Penal» жыл басында түрмелерде кемінде 800 саяси тұтқын болғанын мәлімдеді. Ал үкімет елде саяси тұтқын жоқ екенін, ұсталғандардың барлығы заңды айыптаулармен жауапқа тартылғанын мәлімдеді.
Бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесетін оппозиция жетекшісі, әрі Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Мария Корина Мачадо ˗ тұтқындарды, оның ішінде өзіне жақын одақтастарын босатуды талап етіп жүрген тұлғалардың бірі.