ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Сириялықтар жақындарын іздестіруде
Сирия Қорғаныс министрлігі қауіпсіздік күштерінің әл-Актан түрмесінің айналасына орналастырылғанын және нысанда қауіпсіздік толық қамтамасыз етілгенін хабарлады.
Сириялықтар жақындарын іздестіруде
Ракка маңындағы әл-Ақтан түрмесінің маңында сириялық отбасылар жақындарын күтіп отыр. Сирия, 2026 ж 21 қаңтар. / AA
22 Қаңтар 2026

Сирияда көптеген отбасы әл-Актан түрмесінде жоғалған жақындарын іздестіруде. Аталған түрме сейсенбі күні Сирия армиясының бақылауына өтіп, бұған дейін нысанды бақылауда ұстаған YPG құрылымдары мен бұрынғы режимге қатысы бар топтар аймақтан шығарылған.

52 жастағы Хинд әл-Ард сәрсенбі күні журналистерге 18 жастағы ұлының YPG тарапынан бір жарым жылға сотталғанын, ал соңғы жеті ай бойы Сирия армиясымен байланысы бар деген айыппен қамауда ұсталғанын айтты.

Оның сөзінше, ол тек ұлын ғана емес, түрме аумағынан тыс жерде жоғалып кеткен бауырын да іздеп жүр. Бұған дейін үш рет ұлын көруге рұқсат берілгенін айтқан әл-Ард соңғы бір айда түрме маңына жақындауына тыйым салынғанын және Жаңа жыл кезеңінде баласын көре алмағанын жеткізді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сирия президенті: «YPG келісімді бұзды»

Әл-Актан түрмесінде не болды?

Әл-Актан түрмесі Сирияның Ракка қаласының орталығынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 10 шақырым жерде орналасқан. Бұған дейін бұл мекемеде ДАИШ-пен байланысы бар кейбір адамдар да ұсталғаны хабарланған, ал нысан YPG бақылауында болған.

Сирия армиясы түрменің бақылауын өз қолына алғаннан кейін аймақта қарулы қақтығыстар тіркелді. Қақтығыстардан кейін YPG күштері ішкі аумақта болған тұтқындарды босатып, аймақтан шегінген.

Сейсенбі күні Сирия Қорғаныс министрлігі түрме аумағында қауіпсіздік толық орнатылғанын және қауіпсіздік күштері нысан төңірегіне орналастырылғанын растады.

Сондай-ақ Сирия Президенті аппараты Хасеке аймағының болашағына қатысты YPG тарапымен «өзара түсіністікке» қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Қорғаныс министрлігі жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні сағат 20:00-де (GMT бойынша 17:00) күшіне енген төрт күндік атысты тоқтату режимі жарияланғанын хабарлаған болатын.

Іздеу
Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»
Әзербайжан мен Армения сауда байланыстарын арттырмақ
Пәкістанда қаза тапқандар саны 250-ге жетті
Ява аралында болған жер көшкіні салдарынан 85 адам қаза тапты
Түркия Суданның егемендігіне қолдауын растады
Украина, Ресей және АҚШ өкілдері Абу-Дабиде кездеседі
Сауд Арабиясы-Түркия инвестициялық форумы өтті
Норвегия премьер-министрі Трамптың НАТО туралы мәлімдемелеріне қарсы шықты
Польшада қару-жарақ қоймасына дрон құлады
Еуропаның тәуелсіздігін күшейтуге үндеді
Венесуэланың уақытша президенті АҚШ елшісімен кездесті
Сирия қауіпсіздік күштері YPG-мен жасалған келісімге сәйкес Камышлыға кірді
Жапонияда қалың қар салдарынан 30 адам қаза тапты
Түркия президенті Ердоған Сауд Арабиясы мен Мысырға барады
Президент Ердоған Орталық банкке жаңа төраға орынбасарларын тағайындады