Түркия Президенті Мармара зілзаласында қаза тапқандарды еске алды
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған 1999 жылы болған 7,4 баллдық Мармара зілзаласында қаза тапқандарды еске алып, көңіл айтты.
/ AA
Президент Ердоған жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде: «1999 жылы 17 тамызда Мармара жер сілкінісінде қаза тапқан азаматтарымыздың қайғысын әлі де жүрегімізде терең сезінеміз», – деді.
Сондай-ақ ол: «Қайтыс болған бауырларымызға Алладан рақым тілеймін, осы үлкен қасіреттің жылдығында жақындарынан айырылған азаматтарымызға тағы да қайғырып көңіл айтамын», – деді.