ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Харк аралы туралы не білеміз?
АҚШ президенті Дональд Трамп екі ел арасындағы бейбіт келіссөздер тығырыққа тірелгеннен кейін АҚШ-тың Ирандағы Харк аралын және өзге де мұнай инфрақұрылымдарын бақылауға алатынын мәлімдеді.
Харк аралы туралы не білеміз?
Харк аралы туралы не білеміз?

Иран жағалауындағы маржан рифтерінен құралған бұл арал елдің шикі мұнай экспортының шамамен 90 пайызын қамтамасыз ететіндіктен, Тегеран үшін стратегиялық әрі экономикалық маңызы зор нысан саналады.

Дональд Трамп «Truth Social» желісіндегі жазбасында: «Болашақта біз Харк аралын және басқа да мұнай инфрақұрылымдарын басып алып, Венесуэладағыдай мұнай мен газ нарығын толық бақылауға аламыз», – деді.

Араағайын елдер диалогқа шақырып жатқан кезеңде жасалған бұл мәлімдеме аймақтағы шиеленісті одан әрі күшейтті.

Харк аралыны неге маңызды?

Иран жағалауында орналасқан, көлемі жағынан Манхэттен аралының шамамен үштен біріне тең Харк аралын америкалық шенеуніктер «Иран мұнайының орталығы» деп сипаттайды. Аралдағы ұзын айлақтар алып мұнай танкерлерінің тоқтауына мүмкіндік береді. АҚШ Орталық барлау басқармасының 1984 жылғы құпия есебінде бұл нысандардың Иран экономикасы үшін аса маңызды екені көрсетілген.

Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметінше, Ормуз бұғазын айналып өтетін балама экспорт бағыттары шектеулі әрі кең көлемде пайдаланылмаған.

Сарапшылардың бағалауынша, аралдағы мұнай сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы шамамен 30 миллион баррельді құрайды.

Иран ықтимал АҚШ шабуылына дайын ба?

АҚШ барлау қызметінің мәліметінше, Иран аралды бақылауға алуға бағытталған операцияға қарсы өңірге қосымша әскери қызметкерлер мен әуе қорғанысы жүйелерін орналастырған.

Сондай-ақ аралдағы қолданыстағы қорғаныс желілеріне иықтан атылатын жерүсті-әуе зымыран кешендері енгізілген.

АҚШ Харк аралына шабуыл жасады ма?

АҚШ әскері бұған дейін Харк аралына бірнеше рет әскери операция жүргізген. Дональд Трамп наурыз айында аралдағы барлық әскери нысанның бомбаланғанын мәлімдесе, сәуір айының басында әскери нысандарға қайтадан соққы жасалғаны расталған болатын.

Алайда бұл шабуылдар кезінде мұнай инфрақұрылымы тікелей нысанаға алынған жоқ.

Ақ Үйдегі кейбір шенеуніктер Харк аралын бақылауға алу Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының қаржылық мүмкіндіктеріне ауыр соққы беріп, соғыстың тезірек аяқталуына ықпал етуі мүмкін деп есептейді.

Сонымен қатар Пентагон мен өзге де үкімет өкілдері мұндай операцияның ауқымды құрлық күштерін қажет ететінін және тәуекелі жоғары екенін айтып, оған сақтықпен қарап отыр.

 

Іздеу
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Израильге әскери көмекті тоқтату туралы заң жобасы қабылданбады
Волейболдан Түркияның ерлер құрамасы Ұлттар лигасында алтыншы рет жеңіске жетті
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания