САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ, Украина және Ресей БАӘ-де кездеседі
АҚШ пен Ресей арасындағы байланыстардан кейін Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық күш-жігер қарқын алды.
АҚШ, Украина және Ресей БАӘ-де кездеседі
АҚШ, Украина және Ресей БАӘ-де кездеседі / Reuters

Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі Стив Уиткофф арасында Мәскеуде өткен және «пайдалы» деп сипатталған келіссөздерден кейін АҚШ, Украина және Ресейдің Біріккен Араб Әмірліктерінде кездесу өткізуге келіскенін мәлімдеді.

Украинадағы соғысты аяқтауға бағытталған дипломатиялық талпыныстар соңғы айларда жеделдеді, бірақ Мәскеу мен Киев әлі де аумақтық мәселелер мен соғыстан кейінгі келісімдер бойынша ортақ мәмілеге келе алмай отыр.

Кремльдің хабарлауынша, Стив Уиткофф бастаған америкалық келіссөз жүргізушілер таңға дейін созылған кездесуде Мәскеуде Путинмен жүздесті.

Кремльдің дипломатиялық кеңесшісі Юрий Ушаков журналистерге берген сұқбатында бұл келіссөздің «барлық жағынан пайдалы» болғанын айтты.

Ушаков Уиткофф пен АҚШ делегациясы келіссөздерді жалғастыру үшін Абу-Дабиге аттанғанын, Ресейдің әскери барлау қызметінің (ГРУ) директоры Игорь Костюков бастаған ресейлік делегацияның да БАӘ-ге баратынын атап өтті.

«Қауіпсіздік мәселелеріне бағытталған үшжақты жұмыс тобының алғашқы отырысын бүгін Абу-Дабиде өткізу туралы шешім қабылданды», — деді Ушаков.

Кездесудің егжей-тегжейі жарияланбағанмен, Ресей мен Украина шенеуніктерінің бетпе-бет келіп келмейтіні әзірге белгісіз. Ушаков «Біз қақтығысты саяси және дипломатиялық жолмен шешуге шынайы мүдделіміз», — деді. “Бірақ бұл жүзеге асқанша Ресей майдандағы мақсаттарын орындауды жалғастыра береді», — деп қосты.

Екінші жағынан, Украина президенті Владимир Зеленский бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде келісім жобасының «барынша дайын» екенін айтты. Ол АҚШ президенті Дональд Трамппен соғыстан кейінгі қауіпсіздік кепілдіктері бойынша ортақ келісімге келгенін білдірді.

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды