Түркиядағы Ликия жолы - өзін-өзі танығысы келетіндер үшін мүмкіндік
ТҮРКИЯ
6 минут оқылды
Түркиядағы Ликия жолы - өзін-өзі танығысы келетіндер үшін мүмкіндікӘлемдегі ең әдемі жол деп аталған бұл маршрут табиғаттың ең керемет көрінісін ұсынады.
Түркиядағы Ликия жолы - өзін-өзі танығысы келетіндер үшін мүмкіндік
21 Қараша 2025

Кейт Клоу әлі күнге дейін ежелгі Ликия қаласы, қазір Мугла уәлаятындағы Додургада Асары деген тау ауылындағы Сидимадағы сол кешті есінде сақтайды.

Крагус тауының оңтүстік етегіне жастанған, Ксанфос өзенінің сағасының солтүстік-батысында, Фетхие мен Каштың ортасында орналасқан бұл жерде ол 1990-жылдардың соңында «Ликия жолы» деп аталатын бағытты картаға түсіре бастады.

Ол Ксанфостан келген ежелгі жолдың соңғы бөлігімен жүріп, ішінде жатқандардың кім екені әлі де белгісіз қабірлердің жанынан өтіп, қараңғыда Сидима үйінділері алдына шыққанға дейін жүре берген еді.

Сидиманың акрополі көк аспанның қоюлана бастаған фонына қарсы силуэт болып көрінген, қамал қабырғалары бойымен жабайы ешкілер жиналған болатын. Ол бұл сәтті екі мың жыл бұрын адамдар жүріп өткен және қазір де көптеген адам жүретін Ликия жолының рухын көрсетті деп сипаттайды.

Клоу биіктігі 3000 метрден асатын Ликия тауы Акдагдың өзгерген түстері және қармен көмкерілген бөктерлерінен көтерілген айды ұмыта алмайды. Ол ауыл орталығындағы алып бәйтерек ағашының жанынан жүрген кезде Асар Додурга мешіті мен ежелгі Сидиманың Рим дәуірінен қалған моншаларының қасынан өткен болатын.

Қазір Клоу 76 жаста, сол кеш Ликия жолының адамға не сезім сыйлағанын айтып берді. Осы сезім тарих, көрініс және адам жылуының бір жолда тоғысуынан қалыптасады.

«Әр қадам — уақыт ішінде басылған қадам», — дейді ол.

Бір кездері жеке адамға таныс осы уақыт, орын және қонақжайлылық сезімі енді әлем көлемінде танымал болды.

Мугла уәлаятының курорттық қаласы Фетхиеден Жерорта теңізі жағалауындағы Анталияның жоғары жағындағы төбелерге дейін созылатын Ликия жолы «Time Out» журналында «Әлемдегі ең әдемі жаяу жүру маршруттары» тізімінің көшін бастап тұр.

Ұлыбританияда орналасқан журнал осы ай Ликия маршрутын табиғат, тарих және керемет теңіз көріністері болғаны үшін мақтады.

Алайда жаяу жүргіншілер оны жеке тұрғыдан сипаттайды: біреудің сөзімен айтқанда, «өзіңді танытатын жол».

Ежелгі демократиялық одақ

Маршрут 700 километрден асады.  Ликия өркениетінің қақ ортасынан өтеді. Ликия атазаңы және сайланған қызметкерлері болған әлемдегі ең  алғашқы демократиялық одақтардың бірі, шамамен 3 мың жылдық мәдениет.

Клоу айтқандай, мақсат әрдайым «ескі жолдар мен ежелгі қалаларды байланыстыру» болатын, осылайша қазіргі жаяу жүргіншілер бұрын саудагерлер, әскерилер мен ауыл тұрғындары жүрген сол сызықтар бойымен жүре алады.

Фетхие бағытынан шығысқа қарай қозғалсаңыз, Летоон, Ксанфос, Олимпос пен Фаселис сияқты атаулар Жерорта теңізінің антикалық әлемінің каталогы секілді. Патарада саяхатшылар Ликия одағының  конституциясы мен сайланған өкілдері болған әлемнің ерте демократияларының бірі жиналған парламент ғимаратының жанынан өтеді.

«Сол мәжілісте тұрып, ойланасың, бұл үлгі римдіктерді де таң қалдырған», — дейді маршрутты он жылдан астам зерттеген жапон антропологы Эисуке Танака.

Таулар биігіне көтерілгенде басқа бір ежелгі қала — Пинара — тастарға ойылған мыңдаған мазартуға толы қабірлерімен бос көрсетеді.

Аймақтың көрінісін жетік меңгерген бір жергілікті гид «Тау терезелерге толы  сияқты әсер қалдырады», — дейді.

Сейдикемерге жақын ежелгі Ликия қаласы Тлостың жоталарында Ксанфос аңғары бойына қараған көрініс ашылады. Ал Клоу отыз жылдан астам тұрған тыныш қала Сидима болса  өз храмдары мен қабірлерін зәйтүн ағаштары мен тас үйлердің арасында жасырып жатады.

Теңізге жақындағанда басқа бір ежелгі қала Феллос пен оның порты Антифеллос бүгінгі Каш ауданының жоғарысында тұр. Жағалау бойында Пиднайдың аласа қабырғалары  құмды төбелер арасында тұрса, Калекөй деп аталатын  Симена қамалы қайық қозғалысына және шығанағындағы жартылай батып қалған ликия саркофагтарына биіктен қарап тұр.

Саяхатшылар бүгінгі күні  Демре деп аталған ежелгі Мира қаласында тас қабірлер мен Әулие Николаймен байланыстырылған шіркеудің арасында серуендейді.

Ең ежелгі қалалардың бірі Фаселисте үш порт алабы әлі де судың пішініне әсер етеді, шығыс жақта Олимпос қирандылары орман арқылы теңізге құятын өзен арнасына қарай созылады. Бұл жерді Александр Македонскийдің тамашалағаны айтылады.

«Бұл қабырғасы жоқ ашық аспан астындағы мұражайда серуендеуге ұқсайды», — дейді Танака. «Тарихқа дейінгі дәуір, классикалық, Византия, Османлы: осы қабаттарды тек оймен емес, денемен де сезінесіз.» дейді.

Түркия Мәдениет және туризм министрлігі мұра мен табиғаттың осы үйлесімін гидпен саяхат мен түрлі шаралар арқылы жылдар бойы насихаттап келеді.

Егер қалалар маршрутқа өз хикаясын сыйласа, жердің өзі ырғақты қамтамасыз етеді.

 «Ликия жолының әр қадамының астында түрлі текстуралар бар», — дейді Клоу.

  «Тастар да сіздің әр түрлі дәуірлер мен әр түрлі әлемдердің арасында жүргеніңізді байқатады», — дейді Танака.

52 жастағы жергілікті жүргінші Фейзуллах Буружу «Сіз жолды таңертең жүзуден бастасаңыз, кешке бұлттардың үстінде аяқтауыңыз мүмкін», — дейді. Ол «Осындай ауысым жолдың құдіретін сездіреді», — деп қосты.

«Біз шынында істей аламыз ба?»

Көптеген жүргінші үшін Ликия жолы осы атақты бағытты жүріп өту емес, өз мүмкіндіктерін тексеру үшін қажет. 27 жастағы зерттеуші Айше Бетул Айтекин 2023 жылдың мамырында жолдың бір бөлігін алты-жеті досымен және гидпен бірге жүріп өткенін айтады.

«Біз өзімізге үш түн, төрт күнге жоспар құрдық. Бір түнді Жұмақ шығанағында, бірін тау басында, бірін биік жалпақ таза алаңда өткіздік», — дейді ол.

Бастапқыда сенімсіздік болғанын еске алады. «Мәселе мынадай болды: 'Біз шынында істей аламыз ба?' Біз жүрген жолдың жалпы қашықтығы 50 километрден асты. Барлығымыз спортпен айналысамыз, бірақ денеміз бізді көтере ме, білмедік. Біз істей алатынымызды түсіндік.» деді ол.

 59 жастағы дәрігер Өзлем Урук үшін Ликия жолы тек физикалық сынақ қана емес, өзіндік тығырыққа тірелу күйінен шығудың жолы болды.

«Мен ауруханалар, зертханалар және кешкі жиналыстар арасында өмір сүріп келдім, — дейді ол,- эмоционалдық шаршаудың шегіне жеттім.»

Хаммонд қатерлі ісікпен ауыратын науқастармен тығыз жұмыс істейді, сондықтан бір демалып, бір қадам шегініп, ойды тазарту және өз-өзін қайта табу  қажет екенін сезінген. Бірақ ол алғашында жолдың өзін қайта табуға көмектесетінін білмеген.

 Тарих, теңіз, орман және таулар

Жыл бойы осы жолда жүретін Буружу  болса басқа қырынан қарайды. Ол Диярбакырда туған, туризм саласында жылдар бойы жұмыс істеген соң Анталияға көшкен.

«Маған даяшы болып қызмет ету ұнады, себебі көп елдерден келген адамдармен таныстым», — дейді ол, — «бірақ көп уақыт бойы жұмыс істеу денеге, ойға және сезімге салмақ түсіреді. Бір сәтте мен жеткілікті деп шештім.»

Сөйтіп ол тыныштықты жаяу жүру арқылы тапты.  «Мен үшін жаяу жүру тазалану ритуалы», — дейді ол. «Бірінші қадамымды басқанда, қалғанының бәрі жоғалып кетеді.»

Ол Ликия жолы не ұсынатынын былайша сипаттайды: «Мен алғашқы келгенімде бұл аймақты «үшеуі бір жерде» — теңіз, орман, таулар — деп атадым. Ал Ликия жолы үшін оны төртеуі бір жерде деп айтар едім: тарих, теңіз, орман, таулар. Мінсіз үйлесім.»

 Ликия жолын бойлап жүру түрлі сабақ береді: Мирас деп аталатын нәрсенің шынының ішінде сақталған нәрсе емес екенін, бүгін оны бағалайтын адамдар арқылы өмір сүретін процесс екенін көрсетеді.

Осы жолда сапар шегу шу мен асығыстықты сейілтіп, маңызды нәрселер туралы сезімді айқындай түседі.

Көптеген жаяу жүргінші осы бағыттан өзгеріп оралады, жеңілдеп қалғандарын айтады.

Фетхие мен Анталияның арасында, Патара парламенті мен Олимпостың жалындары ортасында, әктас пен вулкандық жартастардың арасында жер шарының әр бұрышынан келген жаяу жүргіншілер осындай шындықпен бетпе-бет келеді.

Клоу «Әрбір қадам жерде емес,  рухыңызда бір із қалдырады» дейді.

 

Іздеу
Ердоған "Түркияның туу көрсеткіші төмендеді" деп ескертті
Ердоған Ресей-Украина соғысын тоқтату үшін Стамбул келіссөздерін қайта жандандыруға шақырды
Түркия 13 жылдық үзілістен кейін Сирияға алғашқы елшісін тағайындады
COP31 Түркияда өтеді
Апатқа ұшыраған ұшақтың сынықтары Түркияға жеткізілді
Түркия Әлем кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алды
Емине Ердоған отбасы институтын нығайту үшін жаңа жаһандық көзқарас қажеттігін атап өтті
Украинаның Одесса портында Түркияның сұйытылған газ кемесінде өрт шықты
Бурса қаласының каштан кәмпиттері мен Ипсала күріші ЕО-ның географиялық белгісін алды
Хакан Фидан: «Германияның қолдауы Түркия үшін маңызды»
Президент Ердоған СКТР-дың 42 жылдық мерекесімен құттықтады
«Кипр түріктерінің жанында болуды жалғастырамыз»
Ахыска түріктерінің жер аударылғанына 81 жыл толды
Әзербайжан-Грузия шекарасында ұшақ апатынан қаза тапқан сарбаздар жерленді
Хорватияда Түркияның өрт сөндіру ұшағы құлады
Шейіт болған әскери қызметкерлердің мүрделері Түркияға жеткізілді
Түркия Үндістан медиасының айыптауларын теріске шығарды
ЕО Даму Банкі Түркияға инвестиция салуды жоспарлауда
Пәкістан-Түркия қатынастары: Рухани достықтан стратегиялық серіктестікке
Әлем елдері Түркияға көңіл айтты