Түркия мен Ұлыбритания қорғаныс байланыстарын нығайтады

Жаңа келісім "Typhoon" ұшақтарының ұзақ мерзімді күтімін қамтамасыз етеді. Анкара мен Лондон стратегиялық әскери ынтымақтастықты кеңейтеді.

By
Түркия мен Ұлыбритания қорғаныс байланыстарын нығайтады / AA

Түркия мен Ұлыбритания қорғаныс байланыстарын нығайтудың жаңа қадамы ретінде “Eurofighter Typhoon” жойғыш ұшақтарына техникалық қызмет көрсету мен оларды пайдалануды қолдауға бағытталған жаңа келісімге қол қойды.

Келісімге Лондонда Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер мен Ұлыбритания Қорғаныс министрі Джон Хили арасындағы келіссөз барысында қол қойылды.

Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәліметінше, келісім “Eurofighter Typhoon” бағдарламасы аясындағы ұшақтарға техникалық және логистикалық қолдау көрсетуге бағытталады және ұшақтардың ұзақ мерзімді жедел дайындығын қамтамасыз етуді көздейді.

Қолдау келісімі — ұшақ сатып алу туралы ірі келісімнің жалғасы

Бұл соңғы келісім Түркияның 20 дана “Typhoon” жойғыш ұшағын, тиісті жабдықтар мен оқ-дәрілерді сатып алуын қамтитын және өткен жылы қол қойылған 8 миллиард фунт стерлингтік (10,7 миллиард доллар) ауқымды келісімнен кейін жасалып отыр.

Ресми тұлғалар бағдарламаға қатысты жеке жеткізу шартының қазан айында аяқталғанын, бұл қазіргі техникалық қызмет көрсетуге негізделген келісімге жол ашқанын айтты.

Стратегиялық серіктестік нығайып келеді

Министрлер Гүлер мен Хили кездесуде қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін де талқылады. Екі тарап алдағы жылдары әскери іс-қимылды тереңдетуге дайын екендерін білдірді.

“Eurofighter” консорциумының негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын Үлыбритания, Германияның 2024 жылы сатуға қойған ветосын алып тастауынан кейін бірнеше айға созылған келіссөздердің нәтижесінде бұл келісімнің жүзеге асуында Түркияның ең күшті қолдаушыларының бірі болды.