Йемендік Нобель бейбітшілік сыйлығы лауреатының БҰҰ-да сөйлеуіне кедергі жасалды
САЯСАТ
Йемендік Нобель бейбітшілік сыйлығы лауреатының БҰҰ-да сөйлеуіне кедергі жасалды
2011 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеуіне кедергі жасалғанын мәлімдеп, «Кейбір үкіметтер тәуелсіз әрі еркін дауыстарды естігісі келмеді», - деді.

2011 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты, йемендік Таваккуль Карман Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеуіне кедергі жасалғанын мәлімдеп, «Кейбір үкіметтер тәуелсіз әрі еркін дауыстарды естігісі келмеді», - деді.

2011 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығын алған Карман Қауіпсіздік Кеңесі залында айтқысы келген негізгі ойын зал сыртында БҰҰ баспасөз өкілдеріне жеткізді. Ол Йемендегі дағдарыстың басты себебі «мемлекеттің күйреуі» екенін атап өтіп, «негізгі жауапкершілік» хоусит көтерілісшілерінде екенін айтты.

Карман мәлімдемесінде:

«Сонымен қатар халықаралық деңгейде мойындалған үкіметтің жұмысының тиімсіздігі, басқарудағы кемшіліктер мен ішкі алауыздық мемлекеттік институттар мен заң үстемдігін одан әрі әлсіретті. Сауд Арабиясы бастаған коалицияның араласуы мен БАӘ-нің әрекеттері де халықаралық деңгейде мойындалған үкіметті әлсіретті», - деді.

«Йемендіктер халықаралық қауымдастықтан өздерінің орнына болашағын құрып беруін сұрамайды. Йемендіктер өз елін қайтарып алу және өз болашағын құру жолындағы күресте халықаралық қауымдастықтың өздерімен бірге болуын талап етеді».

Басқа да видеолар
Газада жараланған медицина қызметкеріне көмектеспек болған баланың қаза табар алдындағы сәттері
Кельт халықтары Ұлыбританияны ыдырата ма?
Газада Израиль бомбалаған ғимарат құлады
Украиналық егде әйел орыстың «күту режиміндегі ұшқышсыз ұшу аппаратын» өз қолымен залалсыздандырды
Сомали халқы Түркияға алғыс білдірді
Израиль күштері палестиналық бейбіт тұрғындарға мылтық кезеп, «Біз тек еврейлерді қорғаймыз», – деді
Сіз асық ойнап көрдіңіз бе?
«SUNGUR» әуеде қозғалып бара жатқан нысанды атып түсірді
Индонезияда кеме аударылып, 6 адам қаза тапты, 129 адам табылмай жатыр
Баланы аман алып қалды