ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
Министр Курум COP31 аясында климаттық мақсаттарды нақты жобаларға айналдырып, елдер арасындағы әділ ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
Мұрат Курум 2026 жылғы 9 қарашада Анталиядағы "Expo" орталығында өткен COP31 конференциясының ашылу отырысында. / AFP / AFP

COP31 төрағасы, Түркияның Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум «Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі парламенттік отырысында» сөйлеген сөзінде COP31 конференциясының алғашқы аптасы аяқталғанын және Анталияда қарқынды дипломатиялық жұмыс жүргізілгенін айтты.

Әлем елдерінің мүмкіндіктері бірдей емес екеніне назар аударған Курум мемлекеттердің даму жолдары, энергетикалық жүйелері, қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндіктері мен бетпе-бет келіп отырған климаттық қауіп-қатерлері әртүрлі екенін айтты.

Осы айырмашылықтарды ескермей, ортақ болашақ құру мүмкін емес екенін атап өткен Курум былай деді:

«Алдымен бір-бірімізді түсініп, содан кейін ортақ бағыт табуымыз керек. Әр елдің өз жағдайы, өз мүмкіндігі және өзіндік даму жолы бар. Алайда балаларымыз өмір сүретін әлем ортақ. Су қауіпсіздігі – ортақ мәселе. Қалаларымыздың төзімділігі, азық-түліктің болашағы және табиғи апаттар кезінде адам өмірін қорғау жауапкершілігі де бәрімізге ортақ. Әртүрлі жолмен жүрсек те, ортақ бағыт қалыптастыра аламыз. Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның Көшбасшылар саммитінде әділетті өтпелі кезеңге шақыруының негізінде де осы түсінік жатыр. Елдердің даму құқығын қорғайтын, қаржыны қажетті жерге жеткізетін және өзгерістердің ауыртпалығын әділ бөлетін жүйе құруымыз қажет. Біз «Іске асыруға бағытталған COP» дегенде осыны меңзейміз. Анталияда айтылған мәселелердің конференция залдарында ғана қалып қойғанын қаламаймыз. Алға қойылған мақсаттардың нақты жобаларға, қаржыландыруға, заңнамалық шараларға және адамдардың өмірінде көрініс табатын нәтижелерге айналғанын қалаймыз».

Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды