Қырғызстанда өтетін 6-шы Дүниежүзілік көшпенді ойындарының мәдени бағдарламасы таныстырылды
Қырғызстан дәстүрлі спорт түрлері мен бай көшпенділер мәдениетінің ең ірі шарасы саналатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мәдениет және өнер бағдарламасын таныстырды.
Қырғызстанда өтетін 6-шы Дүниежүзілік көшпенді ойындарының мәдени бағдарламасы таныстырылды
Қырғызстан, Дүниежүзілік көшпенді ойындары

Елорда Бішкекте өткен таныстыру жиынында Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиев пен 6-шы Дүниежүзілік көшпенді ойындары Мәдени бағдарламасының бас режиссері Алтынбек Мақсұтов шараның егжей-тегжейін жариялады.

Министр Мамбеталиев таныстырылымда сөйлеген сөзінде елде зор толқыныспен күтіліп отырған ауқымды шараның маңыздылығына назар аударды.

Қырғызстанның өте маңызды қонақжайлылыққа дайындалып жатқанын атап өткен Мамбеталиев: «Қырғызстан үшін бұл — ең мәртебелі, әрі жауапты міндет. 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында спорттық жарыстармен қатар көшпенділер цивилизациясының тарихи мұрасын әлем сахнасына шығаратын 6-шы Дүниежүзілік көшпенді ойындарын өткіземіз», — деді.

Ойындардың жүрегі Кырчын шатқалында соғады

Мәдени бағдарламаның бас режиссері Алтынбек Мақсұтов 6 күндік үдерісте жарыстар мен сайыстарды қосқанда жалпы 835 мәдени шара жоспарланғанын хабарлады.

Шаралар өтетін аумақтарға тоқталған Мақсұтов шараның ресми беташары Бішкекте өтетінін, бірақ мәдени бағдарламалардың жүрегі Ыстықкөл аймағындағы тарихи Кырчын шатқалында соғатынын айтты.

Мақсұтов шатқалда құрылатын үлкен этно-ауылда (этноқалашықта) қатысушы барлық елдердің дәстүрлі киіз үйлері көрмеге қойылатынын және көшпенділер тағамдарының бірегей дәмдері дегустациялық жәрмеңкелер арқылы таныстырылатынын жеткізді.

Мәдени бағдарламада судың маңыздылығына да басымдық берілетінін айтқан Мақсұтов осы орайда елдің 40 қаласын 40 күнде аралайтын «Су керуені» жобасын жүзеге асырғандарын еске салды.

Сонымен қатар Мақсұтов шаралар 7 түрлі орында өтетінін және дәстүрлі ата-баба спорты Көкбөрі сайысы үшін 10 мың адамдық арнайы ипподром салынғанын атап өтті.

Қырғызстанның бастамасымен жаһандық брендке айналған осы шараның алғашқы үшеуі 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғызстанда өткізілген болатын.

Іздеу
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады