САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Одақтастар Иранның 300 миллиард долларлық қорына күмәнмен қарайды.
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бүгін бастаған Таяу Шығыс сапарында АҚШ-тың Иранмен қол қойған келісімінде берген жеңілдіктеріне қатысты одақтастарын тыныштандыруға тырысады.

Парсы шығанағы жағалауындағы араб елдері Иранды қайта құру үшін құрылуы көзделген 300 миллиард доллар көлеміндегі қорды қоса алғанда, берілген жеңілдіктерді өздері қарсылас көретін Иранға қатысты «тым жомарттық» деп есептейді.

Кеше түнде Абу-Дабиге келген Рубио АҚШ пен Израиль және Иран арасындағы төрт айға созылған соғысты тоқтату үшін өткен аптада қол жеткізілген келісімнен кейінгі алғашқы жоғары деңгейдегі дипломатиялық миссиясын орындауға дайындалуда.

Рубио келген бойда журналистерге берген мәлімдемесінде “одақтастардың келісімге қатысты алаңдаушылықтарын талқылауды жоспарлап отыр ма?” деген сұраққа: «Бұл мәселе кездесулерде міндетті түрде күн тәртібіне келеді», — деп жауап берді.

Рубио өзара түсіністік мәтініне енбей қалған мәселелердің де талқыланатынын айтты.

Рубио бұл сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктері мен Кувейтке де барады. Осы екі елде стратегиялық маңызы бар АҚШ базалары орналасқан және екеуі де қақтығыстар кезінде Иран зымырандарының нысанасына айналып, бейбіт тұрғындар арасында шығынға ұшыраған болатын.

Сонымен қатар АҚШ Сенаты кеше Конгрестегі Иранмен соғыстан туындаған мазасыздықты көрсететін шешім қабылдап, Трампқа Иранға бағытталған әскери операцияны тоқтатуды бұйыратын заң жобасын мақұлдады.

Трамптың соғыс өкілеттіктерін шектейтін шешім айдың басында Өкілдер палатасынан өткен болатын. Сенат та кеше өткен дауыс беруде дәл осы заң жобасын 48-ге қарсы 50 дауыспен қабылдады. Заң жобасына Иран науқанына қарсы шыққан Трамптың Республикалық партиясынан да қолдау көрсетілді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?