ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
3 ... минут оқылды
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
"IRNA" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мешхедтегі Резави кесенесінде Хаменеидің үлкен ұлы Хұджат әл-ислам Сейід Мұстафа Хұсейни Хаменеи жаназа намазын шығарып, оған миллиондаған адам жиналды.
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді / AP

Иран БАҚ-тары елдің бұрынғы Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің туған жері Мешхедте жерленгенін хабарлады.

Хабарда миллиондаған адамның дұға ету және ақпан айында Америка Құрама Штаттары мен Израиль тарапынан жасалған қастандықтың кегін алуды талап ету үшін бас қосқаны, сонымен бірге Тегеранның дұшпандарымен жасалатын кез келген ымыраға қарсылықтарын білдіргені атап өтілді.

“IRNA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мешхедтегі жерлеу рәсімі бейсенбі күні сағат 22:00-де аяқталды, миллиондаған адам Хаменеидің үлкен ұлы Хұджат әл-ислам Сейід Мұстафа Хұсейни Хаменеи оқыған жаназа намазы үшін Резави кесенесіне жиналды.

“IRNA-ның” жеткізуінше, жаназа шеруі көшелермен жүріп өткенде аза тұтушылар «Америкаға өлім», «Израильге өлім» және «Велаят-и Факих (Ислам заңгерінің қамқорлығы) қарсыластарына өлім» деп ұрандатты, сонымен қатар Иран туымен бірге кек алуды білдіретін қызыл ту желбіретті.

Хаменеи Иранға қарсы АҚШ-Израиль соғысының алғашқы күні, яғни 28 ақпандағы АҚШ-Израиль шабуылында қаза тапқан нәресте жасындағы қыз немересі, күйеу баласы, қызы және Муджтаба Хаменеидің жұбайы Захра Хаддад Адилмен бірге жерленді. Аталған шабуылдарда басқа да жоғары шенді әскери лауазымды тұлғалардың басым бөлігімен қатар 160-қа жуық студент те өмірден озды.

Мәйіт кесенеге тікұшақпен тасымалданды.

Марқұм ирандық лидердің мәйітін тиеген ұшаққа Мешхедке дейін кем дегенде бір жойғыш ұшақ ілесіп жүрді.

Жерлеу процесі адамдардың Тегеранда, діни орталық Құмда, сондай-ақ Иракта құрмет көрсетуіне мүмкіндік берген алты күндік жаназа рәсімі марафонының соңғы кезеңі болды.

Бақылаушылар әлі күнге дейін көпшілік алдына шықпаған және әкесі мен басқа да отбасы мүшелері қаза тапқан шабуылда жараланғаны айтылған Хаменеидің ұлы әрі мұрагері Муджтаба Хаменеиге қатысты қандай да бір белгінің бар-жоғын жіті қадағалап отыр.

Тек кек алу ғана қайғыны жеңілдете алады

“AFP” тілшілерінің хабарлауынша, ер адамдар қара жейде кисе, әйелдер қара чадра жамылған, сондай-ақ олардың көбі кек алу талпынысын білдіретін қызыл ту желбіретіп жүрді.

Жерлеу рәсімінде ымыраға келушілерге, АҚШ президенті Дональд Трампқа және экстремистік көзқарастағы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қарсы ұран тасталды. “AFP” тілшілері топтың ағылшын тілінде «Әй Трамп, біз сені өлтіреміз» деп жазылған дәу плакатты алып жүргенін хабарлады.

Таңертеңнен бастап ауа температурасының 40 градусқа жуықтағанына қарамастан, негізінен қара киінген аза тұтушылар қолдарына қызыл ту ұстап, кесенеге қарай ағылды.

Жаназаға қатысушылардың бірі 41 жастағы Мохаммад Афшариан: «Мұндағы әрбір адам кек алуды көздейді. Дипломатия мәселесінің не екенін немесе дипломатияны жалғастыруға бағытталған саясаттың не екенін білмеймін, бірақ бәрі кек алудың белгісі ретінде қызыл ту ұстап жүр», — деді.

Бұл ашу-ыза Хаменеи өлтірілгеннен кейін Вашингтонмен келіссөздер жүргізді деген айыппен президент Масуд Пезешкианның үкіметін бірнеше рет нысанаға алған ирандық радикалдардың сындарымен үндесіп жатыр.

Мектеп бастығы 37 жастағы Тахере Рахмани: «Қайғыны тек кек алу, тек қана кек алу жеңілдете алады. Көшбасшымыздың кегін алуға шақыру үшін қызыл туларымызбен осындамыз», — деген пікір білдірді.

Кесененің маңында көптеген бала да болды, ал «Miami» деп аталатын қонақүйдің етегінде Трамптың басына тігілген жүлде бейнеленген карикатуралық дәу плакат ілініп тұрды. Нетаньяхудың суреті бар басқа бір плакатта ағылшын тілінде «Қан төгіледі» деген жолдау болды.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды