САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады
Жобада жыныстық зорлық-зомбылық пен отбасылық зорлық-зомбылық оқиғаларымен айналысатын арнайы полиция бөлімшелерін құру көзделуде.
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады

Францияда Ұлттық Мәжіліс жыныстық зорлық-зомбылық пен шабуылдарға қарсы күресті күшейтуге бағытталған заң жобасын мақұлдады.

Ұлттық Мәжілістің Бас Ассамблеясында жыныстық шабуылдарға қарсы күреске арналған заң жобасы талқыланды.

Заң жобасы Ассамблеяда дауысқа салынып, бірауыздан қабылданды.

Жыныстық зорлық-зомбылық пен шабуылдарға қарсы күресті күшейтуді мақсат ететін бұл заң жобасы 110-нан астам баптан тұрады.

Құжат жыныстық шабуыл мен зорлық-зомбылық оқиғаларында полицияның 1 жыл ішінде жәбірленушілер мен күдіктілерден жауап алуын, айғақтарды сақтауын және басқа да жәбірленушілердің бар-жоғын зерттеуін міндеттеуді көздейді.

Жыныстық шабуыл және отбасылық зорлық-зомбылық істерімен айналысатын арнайы полиция бөлімшелерін құруды мақсат ететін заң жобасы әрбір сотта осындай істерді қарайтын 2 судья мен 1 прокурордың болуын міндеттейді.

Заң жобасында жыныстық шабуылға және жыныстық кемсітушілікке ұшыраған әйел қызметкерлерге 10 күндік арнайы демалыс берілуі қарастырылған.

Заң жобасы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау үшін балабақшадан бастап мектептің соңғы сыныбына дейінгі барлық оқушылармен жыл сайын кездесулер ұйымдастыруды міндеттеуді мақсат етеді.

Заң жобасы бұдан кейін Парламенттің жоғарғы палатасы болып табылатын Сенатта талқыланады.

Францияда заң жобасы Парламенттен өтуі үшін Ұлттық Мәжіліс пен Сенат мәтін бойынша келісімге келуі тиіс.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті