САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Украина президенті 2027 жылға дейін бейбітшілікке қол жеткізу үшін мүмкіндік бар екенін атап өтті. Алайда бұл мәселеге «күмәнмен қарайтынын» де қосты.
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Ресей-Украина соғысы (МҰРАҒАТ) / AP (Wire)

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Ресеймен соғысты аяқтауға бағытталған келіссөздерде биыл нақты нәтижелерге қол жеткізуге үміттенетінін, алайда бұл көбіне АҚШ-тың Мәскеуге қатысты ұстанымына байланысты болатынын мәлімдеді.

Зеленский Абу-Дабиде Украина мен Ресей келіссөз жүргізушілері арасында АҚШ-тың жетекшілігімен өткен екі күндік келіссөздерден кейін сәрсенбі күні Ирландия премьер-министрі Михол Мартинмен бірге мәлімдеме жасады.

Баспасөз мәслихатында Зеленский: «Қазір біз өте ауқымды шабуылдарға тап болып отырмыз. Әрине, осы жылдың соңына дейін нәтижеге қол жеткізгіміз келеді және ол үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді.

Украина президенті: «Бүгінгі жағдай бойынша, ертең Америка мен Ресей тараптары арасында өтетін диалогтың форматы шешуші мәнге ие болады... Болып жатқан оқиғаларға қарағанда америкалықтар үшін де биыл нәтижеге қол жеткізу өте маңызды деп ойлаймын. Олар да мұны шынымен қатты қалайтын сияқты», – деп мәлімдеді.

Зеленский 2027 жылға дейін бейбітшілікке қол жеткізу үшін мүмкіндік бар екенін атап өтті. Алайда бұл мәселеге «күмәнмен қарайтынын» де қосты.

ҚатыстыTRT Қазақ - БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда

«Қатаң нұсқаулар»

АҚШ жетекшілігіндегі келіссөздер нәтижесінде тараптар ауқымды әскери тұтқын алмасу жөнінде келісімге келді. Алайда соғысты аяқтауға бағытталған нақты шаралар бойынша бұдан басқа айтарлықтай ілгерілеу болған жоқ.

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуге барып, одан кейін Дублинге аттанып, Зеленскиймен кездеседі деп жоспарлануда.

Кушнер тараптар арасында ешқандай сенім жоқ екенін айтып, Әбу-Дабидегі келіссөздерді «жақсы алғашқы қадам» деп бағалады.

Украиналық келіссөз жүргізуші Давид Арахамия келіссөздердің күрделі өткенін және Ресей делегациясының келіссөз үстеліне «қатаң нұсқаулармен» келгенін мәлімдеді. Соған қарамастан, ол келіссөздер жыл соңына дейін шешімге қол жеткізу бағытында «жақсы серпін» бергенін атап өтті.

Ресейдің бас келіссөз жүргізушісі Владимир Мединский Ресей мемлекеттік телеарнасына берген сұқбатында келіссөздерден кейін бейбіт келісімге қол жеткізуге жақындай түскендерін ойлайтынын айтты. Алайда бұл үдерістің көбіне Украина мен АҚШ-тың ұстанымына байланысты екенін де қосты.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді