САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
Энергетика министрі аймақтық нарықтағы энергия ресурстарын жеткізудегі іркілістерге байланысты Шығыс–Батыс құбыр желісінің энергия ресурстарын экспорттаудың балама бағыты ретіндегі маңызын атап өтті.
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
Сауд Арабиясының энергетика министрі Абдулазиз бен Салман / AP

Сауд Арабиясының энергетика министрі Абдулазиз бен Салман елінің қандай жағдай болмасын әлемдік нарықты энергия ресурстарымен үздіксіз қамтамасыз етуге бел буғанын және кез келген қиындықты еңсере алатынын мәлімдеді.

Министр Эр-Риядта өткен 17-Халықаралық энергетикалық форумның министрлер кездесуінің (IEF17) ашылуында сөз сөйлеп, «Сауд Арабиясы энергия ресурстарын сенімді жеткізуге, инвестиция салуды жалғастыруға және түрлі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетті екенін дәлелдеді», – деді.

Министр: «Біздің жігерімізді ешкім жасыта алмайды. Біз күлден қайта түлейтін Феникс құсы сияқтымыз. Сондықтан Сауд Арабиясы, әсіресе Эр-Рияд қаласын энергетикалық қауіпсіздіктің астанасы», – деді.

Инфрақұрылым тұрақтылығы

Абдулазиз Сауд Арабиясының қиын жағдайларда да энергия ресурстарын үздіксіз жеткізу қабілетінің маңызды мысалы ретінде стратегиялық маңызы бар Шығыс–Батыс мұнай құбырын атап өтті. Бұл құбыр Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу қаласы арқылы әлемдік нарыққа мұнайды теңіз жолымен экспорттаудың балама бағытын қамтамасыз етеді.

Министр 6 қазанда жасаған мәлімдемесінде бұл құбыр арқылы тәулігіне 5,8 миллион баррель мұнай тасымалданатынын растады.

Халықаралық ынтымақтастық пен тұрақтылықтың маңызын атап өткен министр энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бір елдің ғана қолынан келмейтін, барлық мемлекетке ортақ жауапкершілік екенін ескертті.

Сондай-ақ Эр-Рияд билігінің мұнай мен газды, жаңартылатын энергия көздерін, атом және геотермалдық энергетиканы қамтитын кешенді энергетикалық стратегияны жүзеге асырып жатқанын мәлімдеді.

Іздеу
Трамп әкімшілігі мигранттарды АҚШ-тан кемелермен депортациялауды қарастырып жатыр
Түркия мен Қытай спутниктік технологиялар бойынша келісімге қол қойды
Мексикада түрмеде бүлік шығып, 10 адам қаза тапты
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркияның автомобиль экспортының 73 пайызы ЕО елдеріне бағытталған
Газада толыққанды жұмыс істейтін бірде-бір аурухана қалмады
АҚШ-тың Иранмен соғыстағы әуе техникасы шығыны есептелді
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін