ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Оңтүстік Кореяның биліктегі партиясы бұрынғы премьер-министрді кандидат ретінде таңдады
Биліктегі партия келесі айда өтетін сайлауға Ким Мун Судың кандидатурасын ұсынған болатын.
Оңтүстік Кореяның биліктегі партиясы бұрынғы премьер-министрді  кандидат ретінде таңдады
/ Reuters

Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдары сенбі күні елдің биліктегі партиясы бұрынғы премьер-министр Хан Дак Суды президенттікке кандидат ретінде таңдағанын хабарлады.

«Yonhap» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, таңқаларлық шешім Хан мен Халықтық билік партиясы арасындағы келіссөздерден кейін қабылданған. Халықтық билік партиясы бұған дейін Ким Мун Суды кандидат ретінде ұсынған болатын.

Халықтық билік партиясы Кимнің кандидатурасын жою процесін бастау үшін шұғыл жиналыс жасауға шақырды. Ресми шешім жексенбі күні жарияланады деп күтілуде. Ким бұл әрекетті қатаң сынға алып, оны «түн ортасындағы саяси төңкеріс» деп сипаттады.

Ким сенбі күні Сеулдегі сотқа Халықтық билік партиясы басшылығының шешіміне тосқауыл қою үшін шұғыл өтініш берген. Ким бұған дейін үміткерліктен айыру шешіміне қарсы заңды және саяси шаралар қолданатынын айтқан болатын.

«Түн ортасында саяси төңкеріс жасалды. Бұл антидемократиялық әрекет Оңтүстік Кореяның конституциялық тарихында ғана емес, әлем тарихында да бұрын-соңды болмаған оқиға», - деді Ким Мун Су.

«Мен бұл жағдайға жауаптыларды заңды және саяси жауапкершілікке тартуға мәжбүрлеймін», - деп ескертті Ким.

Конституциялық сот бұрынғы президент Юн Сук Ёлды қызметінен алып тастағаннан кейін 3 маусымда Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

«JoongAng Ilbo» газетінің соңғы сауалнамасына қарағанда Демократиялық партияның кандидаты Ли Чжэ Мён 47 пайыз қолдаумен саяси додада көш бастап тұр, одан кейін 23 пайызбен Хан, 13 пайызбен Ким және 4 пайызбен Реформалар партиясының кандидаты Ли Джун Сок тұр.

Іздеу
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Польшадағы шабуылдан дін қызметкері көз жұмды
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Суданда алтын базарына шабуыл: 5 адам қаза тапты
Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты