ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Йемендегі қақтығыстар басталғалы бері Таиз қаласы хоуситтердің қоршауында қалып отыр.
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»

Йеменде хоуситтердің Таиз уәлаятында соңғы 73 сағат ішінде 133 заң бұзушылық пен қылмыс жасағаны хабарланды. Олар бейбіт тұрғындар тұратын аудандарға 216 рет шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан 33 адам қаза тапты.

Йеменнің Құқықтар мен бостандықтар желісі жариялаған есепте Таиздегі қоршаудың әлі де жалғасып жатқаны, бейбіт тұрғындардың жүріп-тұру еркіндігі шектелгені және хоуситтер тарапынан жасалған заң бұзушылықтар атап өтілді.

Есепте соңғы 73 сағат ішінде хоуситтердің Таиз уәлаятында бейбіт тұрғындар мен елді мекендерге қарсы 133 заңсыз әрекет жасап, тұрғын аудандарға 216-ға жуық снаряд атқаны айтылған.

Есепте хоуситтердің шабуылдарынан 33 адамның қаза тапқаны және 58 адамның жараланғаны айтылған. Жараланғандардың екеуі бала.

Йеменнің үшінші ірі қаласы әрі стратегиялық маңызды орталығы саналатын Таиз елде қарулы қақтығыстар басталғаннан бері хоуситтердің қоршауында қалып отыр.

Іздеу
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді
Рим Папасына қоқан-лоққы жасалды
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған: «Түркия мен Әзербайжан арасына іріткі салу мүмкін емес»
Президент Ердоған Жеңіс күніне орай құттықтау жариялады
Түркия-Ирак ортақ баспасөз мәлімдемесі жарияланды
«Бұл біздің жасаған ең игі істеріміздің бірі ретінде тарихта  қалады»
Түркияның қорғаныс және авиация саласындағы экспорты артуда
Иран күштерінің өкілі АҚШ-қа қарымта соққы берілетінін ескертті
Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады
АҚШ Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізді
НАТО–Украина кеңесі Брюссельде шұғыл отырыс өткізді
Израиль президенті АҚШ көмегінің тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді
Францияда жүздеген мың адам наразылық шерулеріне қатысты
Президент Ердоған: «Терроризмнен азат Түркияны бірге құрамыз»