САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп жаңа өкілдің Сириямен жұмыс істеуде «үлкен әлеует» көріп отырғанын айтты
АҚШ президенті Том Барракты арнайы өкіл етіп тағайындап, санкциялар жойылғаннан кейін Дамаскпен байланысты нығайтты.
Трамп жаңа өкілдің Сириямен жұмыс істеуде «үлкен әлеует» көріп отырғанын айтты
/ AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Сирия бойынша жаңадан сайланған арнайы өкілі ондаған жылға созылған Асад билігі күйрегеннен кейін бірлесіп жұмыс істеудің үлкен әлеуетін байқағанын айтты.

Трамп сәрсенбі күні әлеуметтік желі парақшасында «Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы елшісі Том Барактың Сирия бойынша арнайы өкіліміз ретінде қызмет атқаратынын хабарлауға қуаныштымын», - деп жазды.

"Том радикализмді тоқтату, қарым-қатынастарды жақсарту және Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізу үшін Сириямен жұмыс істеудің үлкен әлеуетін біледі. Біз Америка мен әлемді ҚАЙТАДАН ҚАУІПСІЗ етеміз!",- деп қосты ол.

Бұл мәлімдеме Трамптың “қатыгез” деп сипаттаған Асад билігі кезінде Сирияға салынған санкцияларды алып тастағаннан бірнеше күн өткен соң жасалды. Трамп бұл шешімнің президент Режеп Тайып Ердоған мен Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның талаптарынан кейін қабылданғанын айтты.

АҚШ президенті өткен ай Сауд Арабиясына сапары кезінде Сирия президенті Ахмед әл-Шарамен Эр-Риядта кездесті. Бұл тарихи кездесу АҚШ пен Сирия көшбасшыларының 25 жылдан кейінгі алғашқы кездесуі болды. Соңғы рет 2000 жылы Женевада бұрынғы президент Билл Клинтон Хафез Асадпен кездескен болатын.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио өткен апта заң шығарушыларға Вашингтонның Сирияның жаңа үкіметіне көмек көрсету талпыныстарын қолдайтынын атап өтіп, “Сәтсіздік қайта жанжал мен аймақтық тұрақсыздыққа әкеледі” деп ескертті.

Іздеу
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады