ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше бес ел заңсыз көші-қонмен күрес аясында Руандада мигранттарды депортациялау орталықтарын құру туралы келісімге келді.
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
«Елге қайтару орталықтары — Еуропада тұруға құқығы жоқ адамдар үшін оңтайлы шешім», – деді Германия министрі. / Reuters

Германия, Дания, Аустрия, Грекия және Нидерландтың бірлескен бастамасымен құрылатын орталық 2027 жылы жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр. Нидерланд пен Дания үкіметтерінің мәлімдемелеріне сәйкес, орталық өз елдерінде тұру құқығынан айырылған және елден шығару туралы шешім қабылданған мигранттарды қабылдайды.

Бұл шара аталған елдерде заңды түрде тұру құқығын алу үшін өтініш беру рәсімдерінен өткен адамдарға қатысты қолданылады. Әсіресе өз елдеріне қайтару мүмкін болмай отырған мигранттар үшін Руанда балама бағыт болмақ.

Алғашқы кезеңде шамамен 100 адам жіберіледі

“BBC” арнасының мәліметінше, жоба бастапқыда пилоттық бағдарлама ретінде іске асырылып, шамамен 100 мигрантты қамтиды деп жоспарлануда. Бес елдің әр бірі Руандаға шамамен 20 адам жіберуді жоспарлап отыр.

Нидерланд үкіметі бағдарламаның алғашқы кезеңінде тек бойдақ ер мигранттар жіберілетінін мәлімдеді. Жанында ата-анасы немесе заңды өкілі жоқ балалар жүрген балалар бұл орталықтарға жіберілмейді.

Руандаға жіберілген мигранттар осы елде тұруды таңдай алады. Оларға тұруға рұқсат беріліп, білім алу, медициналық қызметтерді пайдалану, еңбек ету және құқықтық жүйеге қол жеткізу мүмкіндігі жасалады.  Ниет білдіргендер өз елдеріне қайта алады.

Адам құқықтарын қорғау ұйымдары наразылық білдірді

Бес ел бұл жоспардың Еуропалық Одақ заңнамасы мен халықаралық құқыққа сәйкес келетінін алға тартып отыр. Алайда адам құқықтарын қорғау ұйымдары аталған шара мигранттардың негізгі құқықтарын бұзуы мүмкін екенін ескертті.

“Human Rights Watch” халықаралық құқық қорғау ұйымы Руандада оппозиция өкілдеріне қысым көрсету, негізсіз қамауға алу және қатыгездік таныту туралы айыптауларға назар аударды. Ұйым мигранттарды бұл елге жіберу адам құқықтары тұрғысынан елеулі қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Испания премьер-министрі Педро Санчес те бұл жоспарды сынға алып, Руандада орталық құру бастамасының «болашағы да, адамгершілік сипаты да жоқ» екенін айтты.

Ұлыбритания да жобаға қосылуы мүмкін

Руандаға қатысты жоспар Ұлыбританияның бұған дейін ұсынған, бірақ жүзеге асыра алмаған мигранттарды жіберу туралы келісімін қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Ұлыбританияның бұрынғы үкіметі баспана сұрау туралы өтініштерді Руандада қарауды көздейтін келісім жасаған еді. Алайда құқықтық қарсылықтарға байланысты бұл шара жүзеге аспады. Ал 2024 жылы билікке келген Лейбористік партия үкіметі келісімнің күшін жойды.

Ұлыбритания премьер-министрінің кеңсесі Еуропаның жаңа бастамасына қосылу мүмкіндігін толық жоққа шығармай, жағдайды «қызығушылықпен бақылап отыратындарын» мәлімдеді.

Еуропалық шекара және жағалау күзеті агенттігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 10 айында ЕО шекарасында 110 мыңға жуық заңсыз өту әрекеті тіркелді.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 пайыз аз.

ҚатыстыTRT Қазақ - Руанда мен Конго Демократиялық Республикасы Вашингтонда бейбітшілік келісіміне қол қояды
Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті