СПОРТ
1 ... минут оқылды
«Галатасарай» «Штутгартты» 2:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасындағы ұпай санын 6-ға жеткізді
Чемпиондар лигасында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізген «Галатасарай» 6 ұпай жинады.
«Галатасарай» «Штутгартты» 2:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасындағы ұпай санын 6-ға жеткізді
"Галатасарай"

«Галатасарай» УЕФА Чемпиондар лигасының төртінші турында өз алаңында Германияның «Штутгарт» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Чемпиондар лигасының алғашқы үш турында бір жеңіске жетіп, екі рет жеңілген түрік клубы төртінші турда «RAMS Park» стадионында «Штутгартты» қабылдады.

Матчтың 12-минутында Алексей Батраков гол соғып, «Галатасарайды» алға шығарды. Араға үш минут салып, Давинсон Санчестің дәл пасынан кейін Батраков тағы да мергендік танытып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Бірінші таймда ойын тізгінін өз қолында ұстаған «Галатасарай» үзіліске екі доп басымдығымен шықты.

Екінші таймда «Штутгарт» ойын барысын бақылауға алып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда «Галатасарай» қақпашысы Угурджан Чакыр мен қорғаушылар сенімді ойнап, қарсыласқа гол соғуға мүмкіндік бермеді.

Осылайша «Галатасарай» Батраковтың алғашқы 15 минутта соққан екі голының арқасында 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Еуропаның ең беделді турнирін Португалияның «Спортинг» командасынан 3:1, Испанияның «Барселонасынан» 4:1 есебімен жеңілуден бастаған «Галатасарай» үшінші турда Францияның «Лилль» клубын 4:2 есебімен басып озды. Ал төртінші турда Германияның «Штутгарт» командасын жеңіп, қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Осы нәтижеден кейін «Галатасарай» УЕФА Чемпиондар лигасындағы ұпай санын 6-ға жеткізді.

Іздеу
Әлемді жаяу аралаған саяхатшы 28 жылдан кейін үйіне жетті
Франциядағы білім беру мекемелерінде наразылық акциялары қайта басталды
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен маңызды жетістіктерге қол жеткізе аламыз»
Израиль күштері Әл-Халил қаласынан толықтай шегінді
Йеменде 500-ге жуық хоусит залалсыздандырылды
«Axios»: «Нетаньяху Трампты сайлаудан кейін Иранға шабуыл жасауға шақырды»
Президент Ердоған Сеулге барды
Болгарияда президент сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
“Binance” платформасы ауқымды кибершабуылға ұшырады
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды