Иран Құрлық әскерлерінің қолбасшысы, генерал Али Жиһаншахи қауіпсіздікті күшейту мақсатында арнайы дайындықтан өткен әскерлердің шекараға орналастырылғанын мәлімдеді.
«Tasnim» агенттігінің хабарлауынша, Жиһаншахи шекара қауіпсіздігіне қатысты мәлімдеме жасаған.
Оның айтуынша, арнайы дайындықтан өткен әскерлер шекарада Ислам революциясы сақшылар корпусымен және Иранның құқық қорғау органдарымен үйлесімді түрде қызмет атқарады.
Жиһаншахи қабылданған шаралар шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ықтимал құрлық операциясына қарсы бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ ел қорғанысын қамтамасыз ету үшін барынша күш жұмылдыру қажет екенін жеткізді.



















