САЯСАТ
2 ... минут оқылды
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды
БҰҰ Бас хатшысы жаһандық жылынуды шектеу үшін қазба отындарынан бас тарту күш-жігерін жеделдетуге, климаттық қаржыландыруды арттыруға және әлсіз елдерді қорғауға шақырды.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды / AFP (Wire)

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш  ортақ жауапкершілікке негізделген жаңа «Климаттық әділдік келісімін» жасауға шақырып, COP31 конференциясында елдерді қазба отындарынан арылуды жеделдетуге және ауқымды климаттық қаржыландыруды жүзеге асыруға үндеді.

Гутерриш Түркияда өткен БҰҰ Климаттық конференциясының Көшбасшылар саммитінде сөйлеген сөзінде «Бізге ортақ жауапкершілікке, ортақ қауіпсіздікке және ортақ игіліктерге негізделген жаңа Климаттық әділдік келісімі қажет», – деп, барлық елдердің ортақ, бірақ сараланған жауапкершілік принципіне сәйкес өз міндеттемелерін орындауы тиіс екенін баса айтты.

Ұсынылып отырған негіздеме төрт басты діңгекке сүйенеді: қазба отындарынан жасыл энергияға өтуді әділ түрде жеделдету, әлсіз халық топтарын қорғау, жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ету және геосаяси жіктелудің орнына ынтымақтастыққа басымдық беру.

Гутерриш жаһандық жылынудың 1,5°C межесінде сақталуын қамтамасыз ету үшін жаһандық жаңартылатын энергия қуатын 2025 жылғы деңгейден 2035 жылға қарай үш есеге арттыру қажеттігін, ал көмірмен жұмыс істейтін энергетиканы кемінде 75 пайызға азайту керектігін айтты.

Дамыған елдерді 2035 жылға дейін жылына кемінде 300 миллиард доллар бөлуге шақырған Гутерриш ірі мұнай компанияларының жоспардан тыс  пайдасына салық салуды ұсынды.

Ең ірі тоғыз компанияның өткен тоқсанда 95 миллиард доллар табыс тапқанын атап өткен Гутерриш бұл кірісті климаттық өзгерістерге қарсы әлсіз елдерді қолдауға жұмсау керектігін жеткізді.

БҰҰ Бас хатшысы климаттық апаттардың бүкіл әлемде «адамдардың өміріне, күнкөріс көздеріне және экономикаларға соққы болып тиіп жатқанын» білдіріп, қазіргі бағытты «өзара кепілдендірілген жойылуға апаратын жол» деп сипаттады.

Іздеу
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды
Вице-президент  Йылмаз Қытай Мемлекет басшысының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті
Әзербайжанда Мемлекеттік ту күні атап өтілуде
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді
Рим Папасына қоқан-лоққы жасалды
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған: «Түркия мен Әзербайжан арасына іріткі салу мүмкін емес»
Иран: «Араағайын елдермен келіссөздер жалғасып жатыр»
Ресей: «Украина мен Еуропа соғысты жалғастыруға дайындалып жатыр»
Франция: «Еуропа Абу-Дабидегі Ресей–Украина келіссөздеріне қатысады»
Президент Ердоған Жеңіс күніне орай құттықтау жариялады
Түркия-Ирак ортақ баспасөз мәлімдемесі жарияланды