САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Иран Төңкеріс сақшылары корпусы «Жаңа шабуыл болса, соғыстың географиясын өзгертеміз» деп хабарлады.
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"

“Fox” арнасының тілшісі Трей Ингстке сұхбат берген АҚШ президенті Дональд Трамп Иран талаптарды қабылдамаған жағдайда, бұл елді «жарып жіберу» қажеттілігінің тек уақыт еншісіндегі мәселе екенін білдірді.

Дональд Трамп мүмкін нұсқалардың ішінде Иранды толығымен жойып жіберу, оны экономикалық жағынан күйрету немесе келісім жасасу сияқты таңдаулардың бар екенін айтты.

Бұл мәлімдемелер Тегеран билігінің «АҚШ немесе Таяу Шығыстағы (бір ел) қателік жіберсе, ауыр соққылардың нысанасына айналады» деген ескертуінен кейін жасалды.

Екінші жағынан АҚШ Мемлекеттік департаменті аймақтағы америкалықтар үшін қауіпсіздік ескертуін жариялады.

Ал Иран Төңкеріс сақшылары корпусының ресми өкілі Хусейн Мухибби АҚШ-тың өз еліне жасауы мүмкін жаңа шабуылына қатысты «Егер жаңа шабуыл болса, біздің қорғанысымыз бен шабуылдарымыз айтарлықтай өзгереді. Жаңа шабуыл болса, қару-жарақ пен соғыстың географиясын өзгертеміз», — деді.

Мухибби өзі қатысқан теледидар бағдарламасында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты мәлімдеме жасады.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жаңа шабуыл жасау ықтималдығын бағалаған Мухибби мынадай сөздерді тілге тиек етті:

«Егер жаңа шабуыл болса, біздің қорғанысымыз бен шабуылдарымыз айтарлықтай өзгереді. Жаңа шабуыл болса, қару-жарақ пен соғыстың географиясын өзгертеміз. Майданға жаңа мүмкіндіктермен жабдықталған жаңа қаруларды шығарамыз және бүкіл әлем қайран қалады. Біздің көздегеніміз бұрынғы нысаналар емес. Бұрын-соңды соққы берілмеген жаңа нысаналарды белгіледік».

Іздеу
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Си Цзиньпин: "Африканың ресурстары Африкаға тиесілі" деді
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Чехия  Ресейдің НАТО-ға қарсы әрекеттері күшеюі мүмкін екенін ескертті
Туфан Ерхүрман Никос Христодулидиспен кездеседі
Зеленский Ресейді айыптады
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады