САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты
Шабуыл салдарынан 5 адам жарақат алды.
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты
Израиль шабуылдарынан бір палестиналық қаза тапты

Израиль күштерінің Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан жалғастырып жатқан шабуылдарынан тағы бір палестиналық қаза тапты.

Палестинаның «WAFA» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль күштері Газа секторының түрлі аудандарындағы бейбіт тұрғындар орналасқан аумақтарға шабуыл жасап, тұрғын үйлерді жарылғыш заттармен қиратуды жалғастырып жатыр.

Израиль күштерінің түнгі уақытта Газа қаласының батысындағы Шейх Рыдван ауданына жасаған шабуылынан 6 адам жарақат алды. Олардың бірі Махмуд әл-Мадхун көз жұмды.

Хабарда Израиль әскерінің Газа қаласының шығыс бөлігінде де бірнеше тұрғын үйді қашықтан басқарылатын жарылғыш құрылғылар арқылы жарып, жермен-жексен еткені айтылды.

Сондай-ақ Израиль күштерінің Газа секторының орталық бөлігіндегі Бурейдж босқын лагеріне ауыр қарудан оқ жаудырғаны, ал сектордың оңтүстігіндегі Рафах қаласына теңізден және тікұшақтардан оқ атқаны хабарланды.

Бұдан бөлек Израиль күштерінің Рафах пен Хан Юнус қалаларында қоныс аударуға мәжбүр болған палестиналықтар тұрып жатқан шатырларға да оқ жаудырғаны атап өтілді.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 10 қазанда атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен бері Израиль шабуылдарынан 1505 палестиналық қаза тауып, 5 мың 332 адам жарақат алған.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, Израильдің 2023 жылдың қазанынан бері Газа секторында жалғастырып жатқан, геноцид ретінде сипатталған шабуылдары салдарынан 74 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 175 мыңнан астам адам жарақат алған.

 

Іздеу
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді
Сирияның Хама қаласында болған қарулы шабуылдан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты
Си Цзиньпин: "Африканың ресурстары Африкаға тиесілі" деді
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"