ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
ЕО-дан АҚШ-тың тарифтеріне қатысты «кез келген сценарийге дайынбыз» деген мәлімдеме келді
Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен АҚШ-тың Еуроодақтан шығатын жеңіл және жүк көліктеріне баж салығын 25 пайыз көтеру қаупіне жауап берді. Ол тараптар келісімді орындауы тиіс екенін, бірақ Одақтың кез келген жағдайға дайын екенін айтты
ЕО-дан АҚШ-тың тарифтеріне қатысты «кез келген сценарийге дайынбыз» деген мәлімдеме келді
Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Ереванда өткен ЕО-Армения саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. / AP

Еуропалық комиссия төрайымы Фон дер Ляйен және Еуропа Кеңесінің төрағасы Антонио Коста Ереванда өткен ЕО-Армения саммитінен кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

«Келісім — аты аталғандай келісім және біз оған қол жеткіздік», — деген фон дер Ляйен АҚШ-пен жасалған уағдаластықтың негізінде гүлдену, ортақ ережелер мен сенімділік жатқанын атап өтті.

Фон дер Ляйен қазіргі кезеңде екі тарап та бір-бірінің демократиялық процедураларына құрмет көрсете отырып, аталған келісімді жүзеге асыруы керек екеніне назар аударды.

ЕО тарапы баж салығына қатысты міндеттемелерді орындаудың соңғы кезеңінде тұрғанына назар аударған фон дер Ляйен АҚШ тарапының кейбір уағдаластықтарды әлі аяқтамағанын айтты.

Фон дер Ляйен: «Сондықтан біз бұл келісімнен өзара пайда, ынтымақтастық және сенімділік күтеміз. Біз кез келген сценарийге дайынбыз», — деді.

Еуропа Кеңесінің төрағасы Коста болса «Сауда мәселелеріндегі өкілеттік толығымен Еуропалық комиссияға тиесілі. Мен және 27 мүше ел ЕО Комиссиясы мен оның төрайымының жұмысын толық қолдаймыз», — деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні сауда келісімі орындалмады деген уәжбен ЕО елдерінен келетін автокөліктер мен жүк көліктеріне қолданылатын кедендік баж салығын 25 пайызға арттыратынын жариялаған болатын.

АҚШ пен ЕО арасындағы сауда келісімі бойынша келіссөз 2025 жылдың шілде айында Шотландияда аяқталған еді.

Келісім аясында ЕО елдері АҚШ өнімдеріне кедендік тариф қолданбауға келіскен, бұған жауап ретінде АҚШ еуропалық өнімдерге 15 пайыздық тариф қолданатыны хабарланған болатын.

Еуроодақ тарапының жасалған келісімді ратификациялау процесін әлі аяқтай алмауы АҚШ-тың наразылығын тудырды.

Іздеу
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді