ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді
Баланың әкесі Израиль сарбаздарының Райанның денесін нейлон қапқа орап, «ешқандай құны жоқ заттай» шетке тастап кеткенін көз жасымен айтып берді.
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді
[МҰРАҒАТ] Газадағы Дейр әл-Балахтағы «Әл-Ақса шейіттері» ауруханасында өткен жерлеу рәсімінен, 3 маусым 2026 жыл. / Reuters

Израиль армиясының ширек ғасырға жуық уақыт бұрын палестиналық бала Мұхаммед әд-Дурраны өлтіруін еске салатын оқиғада палестиналық әке Баха Әбу әл-Аджин өткен жексенбі күні Газада құшағында отырған және әлі үш жасқа толмаған ұлы Райанның Израиль әскері тарапынан өлтірілгенін мәлімдеді.

Дейр әл-Балах қаласында “Анадолы” агенттігіне сұхбат берген Әбу әл-Аджин қашып бара жатқан кезде баласын көтеріп келе жатқанын, сол сәтте Израиль сарбаздарының оған оқ атқанын айтты. Оның сөзінше, кейін сарбаздар баланың жансыз денесін қасында қалдырып, өзін жаралы күйде бірнеше сағат бойы көмексіз тастаған.

Қайғыдан қан жұтқан әке оқиғаның қалай болғанын анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін халықаралық тергеу жүргізуге шақырды.

Әбу әл-Аджин Израиль күштерінің оқ атуы мен соққыға жығуы салдарынан аяғынан және денесінің басқа бөліктерінен жарақат алғанын, қазіргі уақытта Әл-Ақса шейіттері ауруханасында ем қабылдап жатқанын айтты.

Аурухана төсегінде жатып оқиғаны баяндаған әке бұл жағдайдың Дейр әл-Балахтың шығысындағы аудандардың бірінде болғанын жеткізді. Оның айтуынша, Райанның үшінші туған күніне небәрі 12 күн қалған еді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?