ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Таяу Шығыстағы шиеленіс Азия елдерін шұғыл шара қабылдауға мәжбүрледі
Иран соғысы салдарынан жанармай құнының қымбаттауы Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің экономикасына қауіп төндіріп отыр. Бұл жағдай миллиондаған адамды кедейлікке итермелеп, 299 миллиард долларлық шығын қаупін күшейтуде.
Таяу Шығыстағы шиеленіс Азия елдерін шұғыл шара қабылдауға мәжбүрледі
МҰРАҒАТ – Филиппиннің Кесон-Сити қаласындағы жанармай бекетінде мотоциклге жанармай құйылуда. (Сурет:AP)

28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылдарынан кейін басталған үдерісте Ормуз бұғазының жабылуы Азиядағы энергия тасымалына үлкен қауіп тудырды.

Алғашында қабылданған үнемдеу шаралары мен энергия қорларын пайдалану соғыс жалғасқан сайын жеткіліксіз бола бастады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметіне сәйкес, дағдарыс салдарынан шамамен 8,8 миллион адам кедейлік қаупіне ұшырауы мүмкін және Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалары 299 миллиард доллар шығынға бату қаупімен бетпе-бет келіп отыр.

Үндістан, Филиппин, Таиланд және Вьетнам секілді елдер жанармайға шектеу енгізу, жұмыс уақытын реттеу және салық жеңілдіктері арқылы дағдарысты басқаруға тырысуда. Ал қолма-қол қаржы тапшылығын бастан кешіріп отырған Пәкістан мен Бангладеш сияқты мемлекеттер импорт құнының артуына байланысты валюта резервтеріне қатты қысым сезінуде.

Сарапшылар дағдарыстың салдары Еуропа мен АҚШ-та да байқалып жатқанын, алайда ең ауыр жағдай Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде екенін айтады.

Энергетикалық соққы аймақ экономикасын қайта қалыптастыруы мүмкін деген болжам таралуда. Осыған байланысты елдер ұзақ мерзімді шешім ретінде энергия жеткізушілерін көбейтіп, атом энергетикасы мен жаңартылатын энергия көздеріне көшу стратегияларын жүзеге асырмақ.

ҚатыстыTRT Қазақ - Таяу Шығыстағы текетірес инвесторларды алаңдатты
Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты