ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Хакан Фидан АҚШ-тың Сирияның біртұтас ел ретінде сақталуының маңызын түсінгенін мәлімдеді
Түркия Сыртқы істер министрі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио және Ақ Үйдің жоғары лауазымды өкілдерімен Сирия, өңірлік қауіпсіздік және «Цезар заңы» мәселелерін талқылады.
Хакан Фидан АҚШ-тың Сирияның біртұтас ел ретінде сақталуының маңызын түсінгенін мәлімдеді
Хакан Фидан: АҚШ Сирияның біртұтас ел ретінде сақталуының маңызын түсінгенін мәлімдеді / AP
11 Қараша 2025

Түркияның Сыртқы істер министрі Вашингтон сапары барысында АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдерімен және Сирияның Сыртқы істер министрімен жеке кездесулер өткізгенін, бұл кездесулерде Сирия мен Газаға қатысты соңғы оқиғалардың талқыланғанын және АҚШ-тың Сирияның біртұтас болып қалуының маңызын түсінгенін айтты.

Кездесулерден кейін АҚШ-тағы түрік баспасөзіне сұхбат берген министр Хакан Фидан дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сирия президенті Ахмед Шара арасындағы кездесудің бір бөлігіне шақырылғанын, сондай-ақ АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, вице-президент Джей Ди Вэнс, және АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Том Барракпен де жеке әңгімелескенін айтты.

Фидан бұл кездесу барысында Анкараның Сирияға қатысты көзқарастарын мәлімдегенін атап өтті.

АҚШ астанасында түрік журналистеріне берген сұхбатында ол: «Әсіресе Сирияның оңтүстігі, солтүстігі және өзге аймақтарындағы мәселелерді қалай тиімді басқаруға болатынын, «Цезар заңы» аясында қандай жұмыстар жүргізуге болатынын егжей-тегжейлі қарастыру мүмкіндігі туды. Сирия мәселесіне қатысты Түркияның жалпы ұстанымдарын, Америкамен ынтымақтастық мүмкіндіктерін, Сирияның дамуы, тұтастығы, тыныштығы және аймақтық қауіпсіздікке қатысты көптеген тақырыпты талқыладық», - деді.

Шара шамамен 80 жыл ішінде Ақ Үйге барған алғашқы Сирия басшысы болды.

Фиданның айтуынша, кездесуге Сирияның Сыртқы істер министрі Асад Шайбани, Марко Рубио, Стив Уиткофф, Том Баррак және АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те қатысқан.

Палестина, Украина, Иран

Министр кейін Стив Уиткофф пен Том Барракпен жеке кездесулер өткізіп, Палестина мәселесімен қатар көптеген мәселені егжей-тегжейлі талқылағандарын айтты.

Ресей мен Украина арасындағы соғыстың да күн тәртібінде болғанын айтқан Фидан: «Бұл соғысты тоқтату үшін қазіргі шешуші кезеңде не істеуге болатынын, Түркияның рөлі қандай болуы мүмкін екенін, Америкамен қалай ынтымақтаса алатынымызды талқыладық. Бұл мәселеге қатысты президентіміздің де кейбір ұсыныстары бар», - деді.

Фидан сондай-ақ Иранның ядролық келіссөздеріне байланысты АҚШ ұстанымы жөнінде кең көлемде пікір алмасқанын, кейін осы кездесулердің нәтижелері туралы президент Ердоғанға баяндағанын мәлімдеді.

Сирия одан әрі бөлшектену қаупімен бетпе-бет келуі мүмкін

Фидан Сирия мәселесіне тоқталып, қазіргі басты назардың Сирия экономикасын қайта қалпына келтіруге көмектесу үшін санкцияларды толық жою, яғни «Цезар Сирия Азаматтарын Қорғау туралы заңы» деп аталатын ережеге қатысты не істеуге болатынына бағытталғанын атап өтті. «Президенттік өкілеттіктер пайдаланыла отырып, шектеулі деңгейде кейбір ерекшеліктер енгізілген және белгілі бір экономикалық қызмет түрлеріне рұқсат берілген болатын. Алайда заңды толықтай жойып, оны Конгрестен өткізу яғни президенттің мүмкіндіктеріне мұқтаж болмайтындай деңгейге жеткізу қажет. Бұл тұрғыда әкімшіліктің осы көзқарасты бөлісуі және Конгреске осы бағытта ұсыныс беруі аса маңызды. Сондай-ақ президент Шараның пікірлері мен біздің сол жердегі мәлімдемелеріміз осы тұрғыдан үлкен маңызға ие», - деді министр.

Фидан өз сөзінде кездесулердің Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда уәлаятында Сирия Қызыл Жарты айы мен Дамаск үкіметі үйлестіруімен жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрғысынан, сондай-ақ солтүстік-шығыста SDF деп аталатын PKK/YPG террористік ұйымы орналасқан өңірлер тұрғысынан да маңызды болғанын атап өтті.

«Мұнда біз мынадай көрініспен бетпе-бет келеміз: елдің солтүстігіндегі, солтүстік-шығысындағы, оңтүстігіндегі жағдай мұқият басқарылмаса, елдің аумақтық тұтастығына қауіп төндіретін қиындықтар туындауы мүмкін. Ел барған сайын одан әрі бөлшектену қаупімен бетпе-бет келуі ықтимал. Америкалықтардың мұны түсінгені маңызды және мен олардың түсінгенін байқадым», - деді.

Фидан сөзін жалғастырып, «Елдің біртұтас әрі егемен болуы, сонымен қатар әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен құқығының қорғалуы, түрлі этникалық және діни топтардың қысым көрмеуі аса маңызды. Осы тепе-теңдікті табуға үлкен күш салынуда. Сондай-ақ ешкім басқаларға қауіп төндірмеуі қажет. Осы бағытта да маңызды және ауқымды пікір алмасу жүргізілді», - деді.

Іздеу
Түркияның Тәуелсіздік маршы 105 жаста
Ресей Украинаны «террорлық шабуыл» жасады деп айыптады
Мұнай бағасы артты
Кремль: «Ресей, Украина, АҚШ арасындағы келесі келіссөз Стамбулда өтуі мүмкін»
Солтүстік Корея екінші қанатты зымыран сынағын өткізді
Еуроодақ Израильді заңсыз қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Израильдің шабуылынан 16 адам  қаза тауып, 26 адам жараланды
"Украинадағы бейбітшілік келіссөздері Иран соғысына байланысты тоқтап қалмауы керек"
Галатасарай өз алаңында жеңіске жетті
Иран әйелдер футбол құрамасының мүшесі Австралиядан баспана алу шешімінен бас тартты
Исфахан қаласындағы Ресей консулдығы шабуылдардан зардап шекті
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда