САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Германия ЕО-ны Ресей активтерін Украина үшін пайдалануға шақырды
Сыртқы істер министрі Вадефуль Германияның Бельгияның алаңдаушылығын түсінетінін, алайда барлық ЕО мүшелері бірлесіп жауапкершілік алуға дайын болған жағдайда ғана шешім табуға болатынына сенетінін айтты.
Германия ЕО-ны Ресей активтерін Украина үшін пайдалануға шақырды
Германия ЕО-ны Ресей активтерін Украина үшін пайдалануға шақырды / Reuters
4 Желтоқсан 2025

Германия ЕО-ның мүше елдеріне Украинаның әскери әлеуетін күшейту мақсатында тоқтатылған Ресей активтерін пайдалану жөнінде келісімге келу туралы үндеуін қайталады.

Сәрсенбі күні Германияның Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Брюссельде журналистерге Берлиннің осы айда өтетін ЕО көшбасшылары саммитінде бұғатталған Ресей активтерін пайдалану бойынша келісімге қол жеткізу үшін дипломатиялық күш-жігерін жалғастырып жатқанын айтты.

Министр: «Мұны құқықтық тұрғыдан мықты негізде жүзеге асыру қажет. Еуропалық комиссия осы бағытта жұмыс істеп жатыр және ұсыныс жасайтын болады. Біз мұны қолдаймыз және Бельгияның алаңдаушылығын қабылдаймыз. Бұл алаңдаушылықтар орынды, бірақ шешілмейтін мәселе емес», - деді.

Вадефуль сөзін былай жалғастырды: «Егер жауапкершілікті бірге алуға дайын болсақ, бұл мәселе шешіледі. Германия мұны жасауға дайын және барлық ЕО мүше мемлекеттерін де шақырады. Канцлердің ұсынысының ақырында қабылданатынына толық сенімдімін».

Мерцтің 140 миллиард еуролық несие ұсынысы

Канцлер Фридрих Мерц қыркүйек айында алғаш рет ұсынған бастама Украинаға бұғатталған Ресей активтерімен қамтамасыз етілетін 140 миллиард еуро (163 миллиард доллар) көлемінде несие беруді көздейді.  Берлиннің айтуынша, бұл жоспар Киевтің әскери әлеуетін күшейтуді және Мәскеуді келіссөздер үстеліне алып келуді мақсат етеді.

Бельгия құқықтық және қаржылық тәуекелдер мәселесінде берік ұстанымда

Алайда бұғатталған активтерді ұстап отырған Еуропалық қаржы институтына ие Бельгия бұл мәселеге қарсылық білдірді. Бельгия үкіметі құқықтық дауларға тап болудан және қаржылық жауапкершілікті жалғыз өзі алудан қорқады. Сондықтан ол бұл ұсыныстың қаржылық және құқықтық тәуекелдерін барлық ЕО мүше мемлекеттері бірігіп бөлісуі тиіс екенін талап етіп келеді.

Сәрсенбі күні Бельгияның Сыртқы істер министрі Максим Прево елдің ЕО жоспарына қатысты алаңдаушылықтарын тағы да қайталады. Прево журналистерге: «Бізді тыңдамай отырғаны көңілімізге қаяу түсіреді. Алаңдаушылықтарымыз елеусіз қалып жатыр. Еуропалық комиссия бүгін ұсынатын құжат біздің алаңдаушылықтарымызды шешпейді», - деді.

 

Іздеу
Әлемдегі ең ірі ұшақ тасымалдаушы кеме Израиль жағалауына жетті
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
Сауда министрі Болат: «Түркияның жалпы ішкі өнімі биыл 1,6 триллион долларға жетеді»
Иран Пәкістан мен Ауғанстанға делдал болмақ
Түркия «COP31» қарсаңында кездесу өткізді
Ресей Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ-ның қалай үйлесетініне күмән білдірді
Пәкістан Ауғанстанға қарсы операция жүргізді
Әзербайжанның жазылмайтын жарасы: Ходжалы қырғыны
Түркия мен Италия ұшқышсыз әуе аппараттарын бірге өндірмек
2025 жылы Әл-Ақсаға 65 мыңнан астам заңсыз қоныстанушы кірді
Трамп пен Зеленский бірнеше мәселені талқылады
Президент Ердоған: «Израиль Газа мен Батыс Шерияға қарсы шабуылдарын күшейтуде»
Хакан Фидан Ислам ынтымақтастық ұйымының дипломаттарын қабылдады
Президент Ердоған «F-16» апатына байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді
Түркия мен Сирия сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде