ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Қажы ұшаққа отырғызылмады. Содан кейін ұшақ екі рет бұзылды
Қажылыққа аттанған ливиялықтың ұшаққа мінуіне рұқсат берілмеді. Кейін ұшақ екі рет бұзылды.
Қажы ұшаққа отырғызылмады. Содан кейін ұшақ екі рет бұзылды
/ x

Сауд Арабиясына қажылыққа аттанған рейс ливиялық жас жігітке бортқа кіруге рұқсат бермегеннен кейін ұшақ екі рет қайта оралуға мәжбүр болды.

Адамдар мұны «құдайдың құдіреті» деп атады.

Ливиялық Амер Әл Мансур Каддафи Сауд Арабиясына қажылыққа бара жатқан басқа қажыларымен бірге ұшаққа отырмақшы болды. Бірақ оны соңғы минутта Ливияның орталығындағы Себха халықаралық әуежайының миграция қызметкерлері тоқтатты. Оның тегі Ливияның биліктен қуылған лидері Муаммар Каддафидің атына ұқсас болғандықтан тіркеу жүйесінде ерекше белгіленген. Өтінішіне қарамастан, ұшақ онсыз көтерілді.

Жанұясы мен әуежай қызметкерлері жағдайға мойынсұнып, әуежайдан кетуін сұраса да, ол айтқанынан қайтпады.

«Gulf News» хабарына қарағанда Каддафи «Қажылыққа бармайынша, мен бұл жерден кетпеймін» деді.

Тағдыр

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ ауа баптау жүйесіндегі техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта қонуға мәжбүр болған. Ұшақ жерге қонғаннан кейін әуе компаниясының қызметкерлері Каддафидің ұшаққа отыруына рұқсат беру үшін ұшқышпен сөйлеседі. Алайда ұшқыш қозғалтқыштар әлі жұмыс істеп тұрғандықтан логистикалық қиындықтарды сылтау етіп, бас тартады.

«Мен онсыз ұшпаймын»

Күтпеген жерден ұшақ екінші ақауға байланысты тағы да шұғыл қонуға мәжбүр болды.

«Arynews»-тің мәлімдемесіне қарағанда бұл жағдайдан кейін ұшақ капитаны «Амер осы ұшақта бізбен бірге болмаса, мен ұшпаймын» деп хабарлаған.

Жолаушылардың қошеметімен Каддафиге ұшаққа отыруға рұқсат берілді. Бұл сәт видеоға түсіріліп, әлеуметтік медиа платформаларында кеңінен таралды.

«Мен жай ғана қажылыққа барғым келді», - деді Каддафи кейінірек жергілікті БАҚ-қа.

«Қажылыққа бару менің пешенеме жазылған болса, оған ешбір күш тосқауыл бола алмайды», - деді ол.

Жыл сайын мыңдаған мұсылман қажылыққа барады. Қажылық –физикалық және қаржылық мүмкіндігі бар мұсылмандар өмірінде кемінде бір рет орындауы керек парыз. Мұсылмандар бұл қасиетті сапарды Алла Тағаланың таңдаулы құлдарын шақыруы деп есептейді.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті