ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей Херсонда БҰҰ колоннасына шабуыл жасады
БҰҰ сейсенбі күні Ресейді Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысында БҰҰ-ға тиесілі гуманитарлық көлік колоннасына шабуыл жасады деп айыптады.
Ресей Херсонда БҰҰ колоннасына шабуыл жасады
Ресей билігі БҰҰ айыптауына әзірге пікір білдірген жоқ. / AA

БҰҰ-ның Украинадағы кеңсесі таратқан баспасөз хабарламасында төрт жүк көлігінен құралған ұйымаралық колонна Билозерка елді мекеніне көмек жеткізуге тырысқан сәтте Ресейдің шабуылына ұшырағаны айтылып, бұл әрекет «мүлдем қабылдауға болмайтын жағдай» деп сипатталды.

Мәлімдемеде: «Гуманитарлық көмек қызметкерлері — БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы (OCHA) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өкілдері кіретін топ, бірнеше ай бойы көмек алмаған және соғыстың ауыр зардабын тартқан қауымға көмек жеткізу міндетін атқарып жүрген болатын», - делінді.

Шабуыл кезінде жарақат алған немесе қаза тапқандардың жоқ екені хабарланды, алайда колоннадағы екі жүк көлігінің зақымданғаны және «өртеніп кеткені» айтылды.

Баспасөз хабарламасында: «Гуманитарлық қызметкерлер мен гуманитарлық көлік құралдарын әдейі нысанаға алу — халықаралық гуманитарлық құқықтың өрескел бұзылуы және соғыс қылмысы. Бейбіт тұрғындар мен көмек қызметкерлерін қорғау үшін барлық шаралар қабылдануы тиіс. Халықаралық гуманитарлық құқыққа қатаң түрде құрмет көрсетілуі керек», - деп хабарланды.

Украинаның Сыртқы істер министрі Андрей Сыбига да “X” платформасында жасаған мәлімдемесінде шабуылды айыптап, БҰҰ мүше мемлекеттерін бұл әрекетті айыптауға және Мәскеуге қосымша қысым жасауға шақырды.

Министрдің үндеуін Украина Сыртқы істер министрлігінің “X”-тегі жеке мәлімдемесі де қолдады. Онда колоннадағы төрт жүк көліктің біреуі «толықтай жанып кеткені», екіншісі қатты зақымданғаны, қалған екеуінің «қашып құтылғаны» айтылды.

Ресей билігі әзірге БҰҰ айыптауына жауап берген жоқ.

Бұл айыптау сейсенбі таңертең Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдемесінен кейін келді. Ол елдің солтүстік-шығысындағы Харьков қаласында түн бойы жалғасқан Ресей әуе шабуылдарынан 57 адамның жараланғанын хабарлап, бұл әрекетті «нағыз террористік шабуыл» деп атады.

Зеленский серіктестерінен қосымша әуе қорғаныс жүйелерін сұрап, халықаралық қауымдастықты Ресейді «нақты келіссөз үстеліне отыруға» мәжбүрлеуге шақырды.

«Бейбітшілік тек күш арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін», - деді ол.

Украина Әуе күштері “Telegram” арқылы түн ішінде Ресей ұшырған 96 дронның 69-ын атып түсіргенін хабарлады. Мәскеу бұл мәлімдемеге де жауап берген жоқ.

Соңғы апталарда Мәскеу мен Киев алдағы қыс алдында энергетикалық нысандарды нысанаға алды деп бірін-бірі жиі айыптап келеді.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты