ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресейдің зымыран соққысынан үш украиналық сарбаз қаза тапты
Украинаның құрлық әскерлері қауіпсіздік шараларына қарамастан Ресей оқу-жаттығу нысанын шабуылдағанын хабарлады. Шабуылдың орны расталмады, бірақ  Черниговке жақын жерде болуы мүмкін деген болжам бар.
Ресейдің зымыран соққысынан үш украиналық сарбаз қаза тапты
/ AP

Украина құрлық әскерлерінің мәлімдемесіне сәйкес, Ресей Украинаның оқу-жаттығу бөлімін нысанаға алған. Шабуылда үш сарбаз қаза тауып, 18 сарбаз жараланған.

«29 шілде күні жау Украина құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу бөлімшелерінің бірі орналасқан ауданға зымыранмен шабуыл жасады», - делінген құрлық әскерлерінің «Telegram»-дағы мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде «Өкінішке қарай қауіпсіздік шараларына қарамастан әскер шығынын болдырмау мүмкін болмады. Сағат 21:30-дағы жағдай бойынша үш сарбаз қаза тауып, 18-і жараланды», - делінген. Мәлімдемеде шабуылдың қай жерде болғаны айтылмаған. Алайда кейбір әскери блогерлер шабуыл Украинаның солтүстік шекарасына жақын жердегі Чернигов облысында болды деп болжауда.

Маусым айында Ресейдің Украинаның орталығындағы тағы бір оқу-жаттығу нысанына жасаған шабуылынан 12 сарбаз қаза тауып, ондаған адам жараланды. Бұл шабуылдан кейін Украина құрлық әскерлері қолбасшысы отставкаға кетіп, кейін басқа қызметке ауыстырылған болатын.

Іздеу
Президент Ердоған Катарға барады
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түркия Ұлттық барлау ұйымы Талип Гүлерді қолға түсірді
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
ЕО мен Бахрейн стратегиялық серіктестік жөніндегі келіссөздерді бастады
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Ресей: «Украинаның дрон шабуылдарынан 3 адам қаза тапты»
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді