ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Черногориядағы жағдайды бақылап отыр
Анкара өз азаматтарын қорғау үшін қажетті шаралар қабылданғанын мәлімдеді.
Түркия Черногориядағы жағдайды бақылап отыр
Түркия Черногориядағы жағдайды бақылап отыр / Reuters

Түркия Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде демалыс күндері болған бірқатар өкінішті оқиғадан кейін Черногориядағы ахуалды жіті бақылап отырғанын хабарлады.

Мәлімдемеде «Өткен демалыс күндері Черногорияда болған кейбір оқиғалар біздің азаматтарымызға да әсер етті»,-делінген. Сонымен қатар оқиғалар басталғаннан-ақ Анкараның Подгорицадағы билік өкілдерімен дереу байланыс орнатқаны және Түркия азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданғаны айтылды.

Мәлімдемеде Анкараның жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғаны және жергілікті билікпен үздіксіз үйлестіру жүргізіп жатқаны да ерекше атап өтілді. «Оқиғалар мұқият қадағаланып, Черногория билігімен байланыс үздіксіз жалғасуда», - делінген хабарламада.

Жоғары деңгейдегі дипломатиялық байланыстар

Министрлік деректеріне сәйкес, Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Черногория премьер-министрі Милойко Шпайичпен, сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Эрвин Ибрахимовичпен телефон арқылы сөйлесті.

Телефон әңгімесінде Фидан «түрік азаматтарының қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы үшін қажетті шаралар қабылдануы тиіс» деген Түркияның ұстанымын жеткізді.

Дереккөздердің айтуынша, Черногория тарапы бұл мәселеде Түркияға қауіпсіздік кепілдігін берген.

Черногория медиасында жарияланған ақпараттарға қарағанда, «Подгорицада болған пышақ жарақаты оқиғасына Түркия азаматтарының қатысы бар» деген айыптаулар тараған. Осы оқиғадан кейін премьер-министр Шпайич «X» әлеуметтік желісі арқылы Черногорияның түрік азаматтарына арналған визасыз режимін уақытша тоқтататынын хабарлаған.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді