ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия делегациясы Сирия басшысымен кездеседі
Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның төрағалығындағы түрік делегациясы өткен бір жыл ішіндегі Түркия-Сирия қарым-қатынастарын жан-жақты қарастырады.
Түркия делегациясы Сирия басшысымен кездеседі
Түркия делегациясы Сирия басшысымен кездеседі / AA

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын 22 желтоқсанда Дамаскіге жасалатын жоғары деңгейдегі сапар аясында Сирия президенті Ахмед Шарамен кездеседі.

Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздердің мәліметінше, түрік делегациясы соңғы бір жылда Түркия-Сирия қарым-қатынастарының даму барысын, әсіресе саяси, экономикалық және қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты талқылайды.

Кездесулер 8 желтоқсан төңкерісінің бір жылдығынан кейін өтпек.

Дереккөздер жиын барысында Түркияның ұлттық қауіпсіздік басымдықтарымен тығыз байланысты 10 наурыздағы Меморандумның іске асырылу үдерісіне де ерекше назар аударылатынын хабарлады.

10 наурызда Сирия президенттігі SDF/YPG террористік ұйымын мемлекеттік институттарға интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойылғанын мәлімдеп, елдің аумақтық тұтастығын қайта бекітіп, бөліну әрекеттерін жоққа шығарған болатын.

Сондай-ақ Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары аясында Сирияның оңтүстігінде туындаған қауіп те талқыланады.

ДАИШ  ұйымының қайта жандануына жол бермеуге бағытталған ынтымақтастық та күн тәртібінде болады. Осы аяда террористік ұйымға қарсы бірлескен шаралар қарастырылады. Сирияның жуырда ДАИШ-пен күрес жөніндегі Халықаралық коалицияға қосылуы да ескерілмек.

Қауіпсіздік мәселелерінен бөлек, тараптардың Сирияны қайта қалпына келтіруге арналған екіжақты жобаларды қайта қарауы және Сирия үкіметінің институционалдық әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау мүмкіндіктерін бағалауы күтілуде.

Сондай-ақ Түркияның Сириядағы елшісі болып тағайындалған Сыртқы істер министрінің орынбасары Нух Йылмаз да осы сапар аясында Сирия астанасына барады.

3+3 форматындағы келіссөздер

Өткен бір жыл ішінде Асад режимінің күйрегеннен кейін Түркия-Сирия қарым-қатынастары көптеген салада қарқын алды. Әсіресе қауіпсіздік пен экономика бағыттарында екіжақты және өңірлік ынтымақтастыққа жол ашатын тарихи мүмкіндіктер пайда болды.

Шамамен 15 жылға созылған Сирия қақтығысының салдарын еңсеруге бағытталған күш-жігерді қолдай отырып, Түркия жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерді екі елдің мүддесіне сай Сирияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне үлес қосу үшін жұмыс істеді.

Министр Фидан режим күйргеннен кейін 2024 жылдың 22 желтоқсанда Сирияға барған болатын. Сол уақыттан бері жоғары деңгейдегі сапарлар үздіксіз жалғасып, жаңа кезеңнің оң ахуалын айқын көрсетті.

Екі елдің Сыртқы істер және Қорғаныс министрлері мен Барлау ұйымдарының басшыларын біріктірген 3+3 форматындағы кездесулер осы кезеңде шешуші рөл атқарды.

Осы аяда Сирияның Сыртқы істер министрі Асад Хасан Шайбани 15 қаңтарда жоғары деңгейдегі делегациямен Түркияға сапар жасап, министр Фидан, министр Гүлер және Ибрахим Калынмен келіссөз өткізді.

Бұдан кейін түрік делегациясы 2025 жылдың 13 наурызында жұмыс сапарымен Сирияға барды, ал 2025 жылдың 12 қазанында Анкарада өткен басқа бір кездесуде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық пен өңірлік ахуал талқыланды.

Дамаскіге жасалатын бұл сапар екі көрші ел арасындағы дамып келе жатқан әріптестікті нығайтып, Сирияны қайта қалпына келтіру және тұрақтылықты ілгерілетуге бағытталған күш-жігерді арттырады деп күтілуде.

Іздеу
АҚШ Украинаға 108,1 миллион долларлық “Hawk” зымыран жүйесінің жабдықтарын сатпақ
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды
Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты
Қазақстанда І Баку Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум басталды
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Брюссельде «Өзгерген қауіпсіздік жағдайында Түркия мен НАТО» атты панель өтті
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады