ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түрік компаниялары Қытай–Еуразия көрмесіне қатысуда
Түрік компаниялары Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында өткен 9-шы Қытай-Еуразия көрмесіне қатысып, экспорт өнімдерін таныстырды.
Түрік компаниялары Қытай–Еуразия көрмесіне қатысуда
Түрік компаниялары Қытай–Еуразия көрмесіне қатысуда

«Жібек жолының жаңа мүмкіндіктері: Еуразия ынтымақтастығына жаңа серпін» тақырыбымен ұйымдастырылған 9-шы Қытай-Еуразия көрмесі Үрімші қаласында басталды.

Түркия Сауда министрлігінің үйлестіруімен көрмеде Эгей экспорттаушылар одақтары, салалық ұйымдар мен «Ülker», «Karafırın», «Mehmet Türkel» және «Belizza» сынды компаниялар Қытайдағы және Азия нарығындағы сатып алушыларға өнімдерін таныстыратын стендтер ашты.

Түркияның Қытайдағы елшісі Селчук Үнал Сауда бас кеңесшілігінің өкілдерімен бірге түрік компанияларының стендтерін аралап, олардың қызметі туралы ақпарат алды және компанияларға табыс тіледі.

Елші Үнал көрме аясында жергілікті билік өкілдерімен де кездесті.

Көрмеге 27 ел мен өңірден 2 мыңнан астам бизнес өкілі қатысып жатыр

Көрменің ашылу рәсімі 25 маусымда Шыңжаң халықаралық конгресс және көрме орталығында өтті. Рәсімге Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эрлист Акунбеков және Пәкістан Ұлттық ассамблеясы төрағасының орынбасары Сейд Гулам Мұстафа Шах қатысып, сөз сөйледі.

Қытай премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсян көрменің ашылуында Қытай мен Еуразия елдерін даму стратегиялары арасындағы ықпалдастықты тереңдетуге, ашықтықты кеңейтуге және өзара тиімді өңірлік экономикалық-сауда ортасын бірлесіп қалыптастыруға шақырды.

Биыл 25–29 маусым аралығында өтіп жатқан 9-шы Қытай–Еуразия көрмесіне 27 ел мен өңірден 2 мыңнан астам өкіл қатысуда.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды