САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Гарвард университеті Трамп әкімшілігімен соттасады
Гарвард университетінің президенті қаржыландыруды тоқтату шешімінің үкімет өкілетінен тыс екенін айтып отыр.
Гарвард университеті Трамп әкімшілігімен соттасады
/ Reuters

Гарвард университеті АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің оқу орнына бөлінген 2 миллиард доллардан астам қаржыландыруды тоқтату туралы шешіміне қарсы сотқа жүгінді.
Университет президенті Алан Гарбер мәлімдемесінде: «Соңғы апта ішінде Гарвард заңсыз талаптарға мойынсұнудан бас тартқаннан кейін федералды үкімет бірнеше қадам жасады», – деді.
Ол сөзін жалғастырып, «Қаржыландыруды тоқтату туралы шешімге қарсы шағым түсірдік, себебі бұл шешім заңсыз және үкімет өкілетінен асып түседі», – деп атап өтті.

Трамп әкімшілігі Израильдің Газадағы қырғыны басталғалы бері араб және мұсылман қауымдастықтарына қарсы әрекеттердің күрт өсуін елемей отыр. Гарбер бұл тақырыпты да қозғамақ.
«Жақында біз антисемитизм мен Израильге қарсы көзқарастарға қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобы және мұсылман, араб және палестиналықтарға қарсы өшпенділікке қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобының есептерін жариялаймыз», – деді Гарбер.

Гарвардтың ашқан сот ісінде Білім министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Әділет министрлігі, Энергетика министрлігі және Жалпы қызметтер басқармасы (GSA) секілді АҚШ-тың бірнеше мемлекеттік мекемелері аталады. Трамп әкімшілігі бұл мәселеге қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Университеттерге қысым артуда

Трамп әкімшілігі АҚШ университеттеріне, әсіресе Палестинаға қолдау білдіретін наразылықтарға байланысты қысымды күшейтіп жатыр.
Бұл бағыттағы әрекеттерін Колумбия университетінен бастаған Трамп оқу орнының 400 миллион долларлық федералды қаржыландырyын тоқтатып, оның нәтижесінде ел аумағындағы көптеген университетте Палестинаға қолдау көрсеткен наразылықтар басталған болатын.
Колумбия университеті соңында бұл қысымға бойұсынып, кампус ережелері мен наразылық саясатына қатысты үлкен өзгерістер енгізді.

Содан кейін Трамп Гарвард университетін нысанаға алды. Мұнда антисемитизмге қатысты тергеу басталды және оқу орнына бөлінетін 9 миллиард долларлық федералды қаржыландыруды тоқтату қаупі төнді.
Одан соң Палестинаны қолдайтын наразылықтарға рұқсат бергені үшін Корнелл университеті мен Нортвестерн университетінің де қаржыландыруын да тоқтатты.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды