ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Еуропада аптап ыстықтан 2300 адам қаза тапты
Зерттеулерге қарағанда жаз айларының басында Еуропада климаттық дағдарыстан қайтыс болғандар саны үш есе өскен.
Еуропада аптап ыстықтан 2300 адам қаза тапты
/ Reuters
10 Шілде 2025

Сәрсенбі күні жарияланған зерттеуге сәйкес, өткен аптадан бері Еуропаны шарпыған аптап ыстық 2,300-ге жуық адамның өмірін қиды.

Лондонның «Imperial College London» мен Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, 2300-ге жуық өлімнің 1500-ге жуығы (65%) қатты ыстық толқыны тудырған климаттық дағдарысқа байланысты болған.

Зерттеу көрсеткендей климаттық дағдарыс жаздың басында Еуропада ыстыққа байланысты өлімді үш есе арттырды.

23 маусым мен 2 шілде аралығындағы 10 күндік аптап ыстыққа назар аударған ғалымдар Лондон, Париж, Франкфурт, Будапешт, Загреб (Хорватия), Афины, Рим, Милан, Сассари (Италия), Барселона, Мадрид және Лиссабонды қоса алғанда Еуропаның 12 қаласын зерттеген.

Зерттеуде «Осы талдаудың және басқа да көптеген зерттеудің нәтижелері анық: климаттық дағдарысқа байланысты Еуропада аптап ыстық артуда», - делінген.

Рекордтық аптап ыстық

Зерттеу ауа температурасының артатынын және бұл өлім көрсеткішінің көбеюіне әкелуі мүмкін екенін ескертіп отыр.

Еуропалық Одақтың Коперникус климаттың өзгеруі қызметі сәрсенбі күні жариялаған айлық климаттық бюллетеньде 2025 жылдың маусым айы жаһандық деңгейде тарихтағы үшінші ең ыстық маусым айы болғанын мәлімдеді.

Еуропаның Орта мерзімді ауа райын болжау орталығының климаттық стратегия бойынша жетекші маманы Саманта Бёрджесс: «2025 жылдың маусым айында Батыс Еуропа аумағын қамтыған ерекше аптап ыстық тіркелді. Бұл өңірдің көп бөлігі жылу стресіне ұшырады. Бұл аптап ыстық Батыс Жерорта теңізіндегі теңіз температурасының рекордтық деңгейде көтерілуімен күшейе түсті», – деп атап өтті.

Ол сондай-ақ жиі қайталанатын аптап ыстық толқыны  Еуропа халқына әсер етуі ықтимал екенін ескертті.

Іздеу
Түркия Сириядағы ДАИШ-ке қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды
Ресей Украинаға шабуылдады
Иран жоғары деңгейлі қауіпсіздік басшысын Оманға жіберді
«Украина келіссөздері бойынша атқарылатын жұмыс көп»
2026 жылғы Әлем чемпионатында Мексика полициясына робот иттер көмектеседі
«Roketsan» «Eren» оқ-дәрісін таныстырды
Ливияда жедел жәрдем тікұшағы құлап, бес адам қаза тапты
АҚШ-та сот шешімі мигранттарды қорғау мәртебесін әлсіретті
Түркия Израильдің шешімін айыптады
Колумбияда климаттық дағдарыс: 40 мың гектар жер су астында
Жапонияда қалың қар салдарынан 46 адам қаза тапты
Түркия Сыртқы істер министрі Иранда әуе шабуылдары режимнің өзгеруіне әкеп соқпайтынын мәлімдеді
Сирияның солтүстік-батысында су тасқыны болды
Сомали мен Сауд Арабиясы Қызыл теңіз қауіпсіздігін нығайту үшін қорғаныс келісіміне қол қойды
Түркияның халық саны 86 миллионнан асты