САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Еуропалықтардың жартысына жуығы Трампты «Еуропа үшін қауіп» деп санайды
Еуропалықтардың шамамен 51 пайызы алдағы жылдары Ресеймен ашық соғыс қаупі жоғары деп есептейді.
Еуропалықтардың жартысына жуығы Трампты «Еуропа үшін қауіп» деп санайды
Еуропалықтардың жартысына жуығы Трампты «Еуропа үшін қауіп» деп санайды / Reuters

Жуырда жүргізілген сауалнама еуропалықтардың жартысына жуығы АҚШ президенті Дональд Трампты «Еуропаның жауы» деп санайтынын, сондай-ақ көпшіліктің алдағы жылдары Ресеймен ашық соғыс қаупін «жоғары» деп бағалайтынын көрсетті.

Франциядағы «Eurobazooka» орталығы жүргізіп, «Cluster 17» және «Le Grand Continent» тарапынан бейсенбі күні жарияланған сауалнамаға сәйкес, Трампты Еуропаның «жауы» деп есептейтін еуропалықтардың үлесі қыркүйек айындағы алдыңғы сауалнамамен салыстырғанда төрт пайыз артып, 48 пайызға жеткен.

Сауалнама еуропалықтардың 51 пайызының алдағы жылдары Ресеймен ашық соғыс қаупін жоғары, ал 18 пайызының бұл тәуекелді өте жоғары деп бағалайтынын анықтады.

Сауалнамаға қатысушылардың шамамен үштен екісі яғни 69 пайызы өз елдерінің Ресей шабуылына әскери тұрғыда төтеп бере алмайтынын айтқан. Бұл көрсеткіш Португалия, Италия және Бельгияда 80 пайыздан асқан.

Сауалнамаға сәйкес, халықтың 55 пайызы АҚШ пен Қытайдың бірін таңдау орнына, екі державамен де бірдей қашықтықта болуды жөн көреді.

ЕО-да қалуды қолдау деңгейі 74 пайыз болған, ал қатысушылардың 19 пайызы одақтан шығуды қолдайды. Франция ˗ аз қолдау көрсеткен ел. Франциядағы сауалнамаға қатысушылардың 27 пайызы ЕО-дан шығуды қаласа, 12 пайызы шешім қабылдамаған.

Сауалнама еуропалықтардың 63 пайызының «Brexit»-ті сәтсіз қадам деп санайтынын және оның Ұлыбританияға теріс әсер еткенін көрсетеді.

Бұл сауалнама Франция, Италия, Испания, Германия, Польша, Португалия, Хорватия, Румыния және Грекияны қамтыған Еуропаның тоғыз елінде жүргізілген.

 

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады