АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Каролина штатында өткен сайлауалды митингіге қатысқаннан кейін штаттан аттанар алдында әуежайда журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Иранмен келіссөз туралы сұраққа Трамп: «Меніңше, біз Иранмен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз. Қалай болғанда да, жақын арада бір өзгеріс болады. Көпшілік мұны сайлаудан кейін болады деп ойлайды. Не болатынын көре жатармыз», – деді.
Сондай-ақ Трамп штатта 3 қарашада өтетін Конгреске аралық сайлауға байланысты ұйымдастырылған митингте сөйлеген сөзінде Иранмен арадағы шиеленістің жақын арада аяқталатынын айтты.
«Біз қазір-ақ бұл аймақтан кете аламыз, алайда шабуылдардың әсері ұзақ уақыт сақталғанын қалаймыз», – деді АҚШ президенті.

























