ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
“Венесуэлада орыстың 5 000 зымыран жүйесі бар”
Венесуэла президенті Николас Мадуро елінің Кариб аймағындағы АҚШ әскери күштеріне қарсы қорғаныс мақсатында 5 000 дана Ресейде өндірілген “Игла- С” зениттік зымыран жүйесіне ие екенін мәлімдеді.
“Венесуэлада орыстың 5 000 зымыран жүйесі бар”
Венесуэла Президенті Николас Мадуро елінің 5 000 дана Ресейде өндірілген "Игла- С" зениттік зымыраны бар екенін мәлімдеді. / AP

Сәрсенбі күні жоғары әскери басшылармен бірге өткен телехабар кезінде Мадуро Венесуэлада Ресейде өндірілген қысқа қашықтықтағы “Игла- С” зымырандары бар екенін айтып, оларды елдің әуе қорғаныс жүйесінің маңызды бөлігі ретінде сипаттады.

Мадуро: «Бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін біз негізгі әуе қорғаныс нүктелерінде кемінде 5 000 зымыран орналастырдық», - деп, бұл қарулардың ұлттық егемендікті қорғау үшін дайын тұрғанын атап өтті.

Өрши түскен шиеленіс

АҚШ ұзақ уақыттан бері социалистік басшының билігіне қарсы шығып келеді. Президент Дональд Трамп әкімшілігі Венесуэла жағалауларында шағын әскери-теңіз флотын орналастырған, ал Вашингтон бұл әрекетті есірткіге қарсы операцияның бір бөлігі ретінде сипаттауда.

АҚШ әскери ұшақтары Венесуэладан АҚШ-қа есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген бірнеше қайықты жойған, алайда Каракас бұл айыптауларды жоққа шығарады.

Венесуэла билігі АҚШ операцияларын ел егемендігіне араласу деп атап, Вашингтонды есірткіге қарсы миссияларды агрессия үшін сылтау ретінде пайдалануда деп кінәлады.

Мадуро бұл қарулардың елдің «кез келген империалистік қатерге» қарсы дайын болуын қамтамасыз ететінін айтып, Венесуэла қарулы күштерінің «Отанның әрбір сантиметрін қорғауға әзір» екенін хабарлады.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді