САЯСАТ
2 минут оқылды
13 елдің парламент спикері Израильдің Газаға жасаған шабуылына қарсы шықты
13 елдің парламент спикерлері Стамбулда басқосты. Спикерлер Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын айыптап, шұғыл әрекетке шақырды және Палестинаға қолдауын қайталады.
13 елдің парламент спикері Израильдің Газаға жасаған шабуылына қарсы шықты
22 Сәуір 2025

Жұма күні Стамбулда Палестинаны қолдаушы парламент тобының отырысына жиналған 13 елдің парламент спикерлері Израильдің 18 айға жуық уақыттан бері Газаға жасаған шабуылдарын айыптады. Сондай-ақ парламент басшылары әлемдік ұйымдарды Тель-Авивтің шабуылдарын тоқтату үшін әрекет етуге шақырды.

 Малайзия парламентінің спикері Тан Сри Дато Джохари бин Абдул елінің Палестинаның тәуелсіздігі мен егемендігін табанды түрде қолдауын жалғастыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Израильдің бейбіт тұрғындарды өлтіруін айыптады.

Пәкістан парламентінің спикері Сердар Аяз Садық Палестина мәселесінің саяси мәселе емес, ар-ождан сынағы екенін және Палестина халқынан әділет, бостандық абырой сезімі ұрланғанын мәлімдеді. Садық Израильдің гуманитарлық көмек конвойларына тосқауыл қойғанын, аймақты әдейі бомбалағанын және гуманитарлық көмек қызметкерлерін өлтіргенін атап өтті.

 Индонезия парламентінің спикері Пуан Махарани Палестинаға ең қажет нәрсенің әділдік екенін баса айтты. Парламенттердің өз өкілеттіктері аясында шешімнің бір бөлігі болуы керектігіне тоқталды. Махарани мәжіліс спикер ретінде үнсіз қалмау керек екенін және жауапкершілік тек сайлаушылар алдында ғана емес, әділдік, адамгершілік және бейбітшілік үшін де екенін айтты.

Испания парламентінің спикері Арменгол Сосиас бейне үндеуінде Газада 2023 жылдың қазан айынан бері болып жатқан оқиғалардың адамзатқа қарсы қылмыс екенін айтты. Сосиас: «Екі айлық атысты тоқтату келісімінен кейін Израиль оны бұзып, Газа халқын бомбалауды жалғастырды. Израиль балаларды өлтіруді, медициналық орталықтарды қиратуды, көмек қызметкерлері мінген жедел жәрдем көлігін шабуылдауды жалғастыруда. Қанды қырғын адам төзгісіз деңгейге жетті»,- деді.

Жазасыздық мәдениетінің жаһанға таралуын тоқтату керектігін атап өткен Сосиас Испанияның Палестина мемлекеті мен оның 1967 жылғы шекарасын мойындайтынын айтты. Испания Мәжілісінің төрағасы халықаралық құқыққа жасалған ашық шабуылдардың дереу тоқтатылуы керектігін баса айтты.

Әзербайжан Парламенті төрағасының орынбасары Али Ахмадов 30 жыл бойы оккупация мен этникалық тазартуды бастан кешірген Әзербайжанның әлемнің кез келген жерінде кемсітушілікті, адам құқықтарын бұзуды, этникалық тазалауды, басып алуды және жазықсыз адамдарға жасалған зорлық-зомбылықты айыптайтынын мәлімдеді.

Газадағы гуманитарлық дағдарыс пен мыңдаған жазықсыз адамның қаза болуына байланысты терең алаңдаушылық білдірген Ахмадов аймақтағы азық-түлік, су және денсаулық сақтау қызметтерінің жетіспеушілігі адамдарды аштыққа душар етіп, жағдайды одан әрі ушықтырғанын айтты.

 Ахмадов «Газада гуманитарлық көмектің жоқтығы жағдайды қиындатуда. Атысты тоқтату келісімі орнатылып, толық орындалуы керек», - деді.

Әзербайжанның Палестинаның тәуелсіздігін қолдайтынын және Палестина елшілігінің Бакуде 14 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын еске салған Ахмадов «Палестина халқының өз елінде абырой мен қауіпсіздікте өмір сүруі аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылық үшін өте маңызды», -  деді.

Ахмадов Израиль-Палестина мәселесін шешудің халықаралық құқық пен БҰҰ-ның тиісті қарарлары аясында екі мемлекетті шешім арқылы мүмкін екенін баса айтты.

Ахмадов «Әзербайжан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мүшесі ретінде Газа халқымен ынтымақтастығын анық білдірді», - деді.

 

Іздеу
Кнессет өлім жазасы туралы заң жобасын  ілгерілетіп жатыр
Оккупацияланған Шығыс Иерусалим маңында жаңа заңсыз Израиль қонысы құрылды
Сирия президенті Халықаралық валюта қоры өкілдерімен кездесті
Түркия Сирия президенті мен Ішкі істер министрінің БҰҰ санкциялар тізімінен шығарылуын құптайды
БҰҰ Сирия президенті мен Ішкі істер министріне салынған санкцияларды алып тастады
ЕО Ресей азаматтарына көп мәртелік виза бермейтін болды
Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын қабылдайды
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қарар жобасын ұсынды
Сеул Пхеньянның жетінші ядролық сынақ өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Нью-Йорктың жаңа мэрі- Зохран Мамдани
Нью-Йоркте тарихи сайлау жақындады
Перу Мексикамен дипломатиялық қатынастарын үзді
Дональд Трамп: «Мадуроның президенттік күндері санаулы»
Стамбулда Газа мәселеcіне байланысты кездесулер өтеді
Трамп Ресей мен Қытайдың жасырын түрде ядролық сынақ жүргізіп жатқанын мәлімдеді
Марк Карни Си Цзиньпинмен кездеседі
Мәскеудің Украинаға қатысты талаптары Трамп пен Путин саммитіне әсер етті ме?
Пәкістан мен Ауғанстан 6 қарашада Стамбулда келіссөздерді жалғастырады
АҚШ Тынық мұхитының шығысында кемеге соққы жасады
Нидерландта саяси бағыт өзгерді