ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«Şimşek» ұшқышсыз әуе жүйесі сынақтан сәтті өтті
Қорғаныс саласы өкілінің мәлімдеуінше, Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі әзірлеген ұшақ жүйесі нысаналы ұшақ, әрі  жанкешті шабуыл ұшағы.
«Şimşek» ұшқышсыз әуе жүйесі сынақтан сәтті өтті
/ Other

Түркияның жоғары жылдамдықта нысанаға алатын ұшқышсыз әуе аппараты «Şimşek» сынақтан сәтті өтті.

Түркия Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Халюк Гөргүн Түркияның «Nsosyal» әлеуметтік желісінде жоғары жылдамдықтағы «Şimşek» ұшқышсыз әуе аппаратының алғаш рет зымыран күшімен ұшу жүйесі (RATO) арқылы ұшқанын және оқу-жаттығуға арналған ұшақ ретінде, әрі камикадзе миссиясын орындауға да қабілетті екенін атап өтті.  

Гөргүн мәлімдемесінде: «Қорғаныс өнеркәсібіміздің қорына тағы бір маңызды қабілет қосылды. Бұл толықтай отандық технология. «Şimşek» Түркияның операциялық икемділігін арттырып, тежеу күшін күшейтеді», – деді.

Ол сондай-ақ: «Қорғаныс қажеттіліктері үшін жаңа шешімдер әзірлеу жолындағы табандылығымызбен алға қадам басудамыз», – деп қосты.

Сонымен қатар ол «Şimşek»-ті әзірлеген Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібіне алғысын білдірді.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті