ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Қауіпсіздік дереккөздері: «Түркия Сувейдадағы атысты тоқтатуда шешуші рөл атқарды»
Қауіпсіздік дереккөздерінің айтуынша, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын бастаған дипломатиялық әрекет Сирияның Сувейда қаласында атысты тоқтатуға жәрдемдескен.
Қауіпсіздік дереккөздері: «Түркия Сувейдадағы атысты тоқтатуда шешуші рөл атқарды»
/ AA

Түркия осы апта Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда қаласында бәдеуилер мен дүрзі қауымдастықтары арасындағы шиеленіс үкімет қолдайтын күштердің араласуымен қарулы қақтығысқа айналған кейін атысты тоқтатуға араағайын болды. Түрік қауіпсіздік дереккөздерінің айтуынша, бұл үдерісте Түркияның күш-жігері шешуші болған.

Қауіпсіздік дереккөздеріне сүйенсек, Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Ұлттық барлау ұйымының  басшысы Ибрахим Калын аймақтағы дипломатиялық әрекеттерге жетекшілік етіп, тараптар арасында атысты тоқтатуға мұрындық болды.

"Түркия Сирияның аймақтық тұтастығына, бірлігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін тәуекелдерді жою үшін күш-жігерін салды," – деді қауіпсіздік дереккөзі. Сондай-ақ Фидан мен Калынның аймақтағы дипломатиялық бастамалары зорлық-зомбылықты тоқтатуда шешуші рөл атқарғанын мәлімдеді.

Дүрзілер басым тұратын Сувейда қаласында екі күнге созылған қақтығыстарға үкіметшіл күштердің араласуы өңірдің тұрақтылығына қауіп төндірген.  

Сувейда Сириядағы ішкі соғыстан оқшау қалған аймақ болатын.

Аймақтық және халықаралық байланыстар

Калынның АҚШ, Сирия және Израиль өкілдерімен, Сирия президенті Ахмед Шара және АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Том Баракпен бірнеше рет кездесу өткізгені хабарланды. Сонымен қатар Барак Вашингтонның Сирия бойынша арнайы өкілі қызметін де атқарады.

Түркияның Ұлттық барлау ұйымы Ливандағы дүрзі жетекшісі Валид Жанболатпен кеңесіп, шиеленісті бәсеңдетуге күш салды. Сыртқы істер министрі Фидан Сирия, Сауд Арабиясы, Иордания және АҚШ-тағы өз әріптестерімен дипломатиялық байланыс орнатты.

Қауіпсіздік дереккөздерінің айтуынша, Фидан мен Калын аталған үдерістер мен Түркияның дипломатиялық әрекеттері туралы ақпаратты президент Режеп Тайып Ердоғанға тұрақты түрде жеткізіп отырды.

Сирия президенті Шара Түркияның Сирияда тыныштық пен тұрақтылықты қайта орнатудағы рөлін мойындап, “Түркия, Америка және араб елдері арағайын болмағанда, қақтығыстың соңы үлкен апатпен аяқталуы мүмкін еді,” – деді.

Бұл жағдай Анкараның Дамаск үкіметінің бақылауындағы аймақтарда да  дағдарысты тұрақтандырушы күш ретінде әрекет етуге деген ұмтылысын тағы бір рет көрсетті.

 

 

Іздеу
АҚШ Украинаға 108,1 миллион долларлық “Hawk” зымыран жүйесінің жабдықтарын сатпақ
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды
Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты
Қазақстанда І Баку Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум басталды
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Брюссельде «Өзгерген қауіпсіздік жағдайында Түркия мен НАТО» атты панель өтті
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады