САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран мен Катар сыртқы істер министрлері кездесті
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мен Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдурахман Әл Сани Тегеранда кездесіп, аймақтағы жағдайды талқылады.
Иран мен Катар сыртқы істер министрлері кездесті
Катар премьер-министрі және Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдуррахман Әл Тани.

Иранның ресми “IRNA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тегеранға сапарлай барған Катар Сыртқы істер министрі Әл Саниді министрлікте Иран Сыртқы істер министрі Аракчи қарсы алды.

Қарсы алу рәсімінен кейін Аракчи мен Әл Сани кездесу өткізді. Әзірге келіссөздердің мазмұны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Катар Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Маджид әл-Ансари бұған дейін Сыртқы істер министрі Әл Санидің 27 тамызда Тегеранға сапар жасап, аймақтағы шиеленісті төмендету және АҚШ пен Иран арасындағы диалогқа қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылайтынын хабарлаған болатын.

Пәкістан мен Оман өкілдері де Иранға сапарлай барған

АҚШ пен Иран арасында 17 маусымда қол қойылған, алайда жүзеге аспаған келісімге арағайын болған Пәкістанның Бас штаб бастығы, фельдмаршал Асим Мунир 24 тамызда Тегеранға сапарлай барып, президент Масуд Пезешкиан, Мәжіліс төрағасы Мұхаммед Бақер Галибаф және Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы Мохсен Резаиимен кездескен еді.

Иран мен Пәкістан тараптары келіссөздердің нәтижелі өткенін білдірген болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран: “АҚШ-тың экономикалық қысымына жауап береміз”
Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды