ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Дамаск маңындағы ауылға шабуыл жасап, алты әскери қызметкерді өлтірді
Сирия мемлекеттік телеарнасы «Әл-Ихбарияның» хабарлауынша, Израиль Дамаск маңындағы Сирия армиясының бекіністерін нысанаға алған.
Израиль Дамаск маңындағы ауылға шабуыл жасап, алты әскери қызметкерді өлтірді
/ AP Archive

Сирияның мемлекеттік «Әл-Ихбария» телеарнасының хабарлауынша, сейсенбі күні Израиль Дамаск қаласының оңтүстігіндегі әл-Кисва маңында ұшқышсыз әуе аппаратымен жасаған шабуыл салдарынан Сирия армиясының алты әскери қызметкері қаза тапты.

Ақпаратқа сәйкес, Израильдің ұшқышсыз әуе аппараттары Дамасктің ауылдық аймағындағы бірнеше әскери нысанды нысанаға алған.

Өткен жылдың желтоқсанында Башар Асад билігі күйрегеннен кейін Израиль Сирия аумағында жүздеген әуе шабуылын жасап, жойғыш ұшақтар мен зымыран жүйелерін және әуе қорғанысын нысанаға алды.

Сондай-ақ Израиль 1974 жылғы БҰҰ-ның бөліну келісімін бұзып, Голан жоталарындағы буферлік аймақты басып алды. Осылайша Израиль оккупациясын кеңейтті.

1963 жылдан бері биліктегі Баас партиясының дәурені аяқталып, Башар Асад өткен жылдың желтоқсан айында Ресейге қашып кеткен болатын. 2025 жылдың қаңтар айында Ахмед Шараның басшылығымен уақытша әкімшілік құрылды.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді