ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Пәкістан энергия барлау туралы келісімге қол қоймақ
Түркия мен Пәкістан сәуір айында Пәкістанның теңіз акваториясындағы 40 бөлек блокта мұнай-газ барлау жұмыстарына арналған бірлескен тендерге қатысу туралы келісімге қол қойды.
Түркия мен Пәкістан энергия барлау туралы келісімге қол қоймақ
Түркия мен Пәкістан энергия барлау туралы келісімге қол қоймақ / Reuters

Түркияның Энергия және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Түркияның құрлықта және теңіз аймақтарында мұнай мен газ барлауды қамтитын жаңа энергетикалық келісімге Пәкістанмен қол қоюды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Байрактар сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде келесі апта келісімді ресми түрде бекіту үшін Пәкістанға баратынын айтты.

Байрактар «Lider Haber» арнасына берген сұхбатында: «Пәкістанда алғашқы терең бұрғылауға және теңіз аймақтарына қатысты келісімге қол қоямыз. Екі құрлық алаңында және бір теңіз алаңында бірлескен жұмысты бастаймыз»,- деді.

«Daily Sabah» таратқан мәліметке қарағанда, қол қою рәсімі сейсенбі күні өтуі мүмкін.

Пәкістан үкіметі ақпан айында Макран және Индус алаңдарында барлау лицензияларын беру үшін 40 теңіз блогын тендерге шығарғанын хабарлаған болатын.
Түркия мен Пәкістан сәуір айында Пәкістандағы осы 40 бөлек блокты қамтитын теңіз аймақтарында мұнай және табиғи газ барлау тендеріне бірге қатысу туралы келісімге қол қойған еді.

Пәкістанның «Mari Energies Limited», «Oil and Gas Development Company Limited» және «Pakistan Petroleum Limited» компаниялары Түрік мұнай компаниясымен бірге теңіз тендерлеріне бірге қатысуға келісім жасасты.

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан шілде айында Исламабадқа жасаған ресми сапары барысында түрік компанияларының Пәкістанның теңіздегі қорларында мұнай және газ барлау жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді.
Пәкістанның вице-премьері әрі Сыртқы істер министрі Мұхаммед Ишак Дармен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында Фидан Анкараның Исламабадпен экономикалық және энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін атап өтіп, екі ел арасындағы сауда айналымын 5 миллиард долларға дейін ұлғайту үшін жұмыс жүргізілетінін айтты.

Түрік мұнай компаниясы қазан айында Исламабад қайта жандандырған теңіз аймақтарында энергетикалық барлау бастамасы аясында Пәкістанның «East Offshore Indus Block-C» блогында 25% үлес және операторлық құқықтарды иеленген болатын.

Іздеу
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады
Президенттік 7-ші Халықаралық Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Украина дрон өндірісі бойынша жаңа келісім бекітті
“БҰҰ Жарғысының қағидаттары тікелей шабуылға ұшырап отыр”
Пәкістанның солтүстік-батысында 22 террорист залалсыздандырылды
Израиль Ливанға шабуылдады
Түркия мен Ұлыбритания жаңа келісімге қол қойды
Президент Ердоған: «Балалар соғыстың зардабын шекпеуі тиіс»
Түркия 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салады
АҚШ Түркияны "F-35" бағдарламасына қайта оралуға шақырды
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты жаңа мәлімдеме жасалды
Израиль танымал ливандық журналист Амаль Халильді өлтірді
Түркия мен Германия президенттері телефон арқылы сөйлесті
Түркия Қаржы министрі жаһандық экономикадағы тәуекелдер туралы ескертті